«Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасында ойнамайтын болды

ҚАРАҒАНДЫ. 29 наурыз. Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы келесі маусымда Ресейдің Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетпейтін болды. Бұл туралы sportfakt.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

«Сарыарқа» клубы басшылығының шешімі бойынша команда келесі маусымнан бастап премьер-лигада ойнайды. Қазақстандық ұжым Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін «Авангард» (Омбы) командасының фарм-клубы.

Айта кетейік, «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасындағы азулы клубтардың бірі. Команда 2014 жылы турнирдің басты жүлдесі – «Братина» кубогын жеңіп алған. Ал биылғы маусымда қарағандылық хоккейшілер  чемпионаттың жартылай финалында өнер көрсетуде.

Қайрат Әбілдинов.

228 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*