ОҚО-да мемлекеттік-жекешелік аясында 30 жоба іске асырылады

Оңтүстік Қазақстан облысында алдағы жылдары мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы 30 жоба жүзеге асырылмақ. Оның 6-ның бүгінге дейін жеке әріптесі анықталса, қалған 24 жоба аясында тиісті құжаттар әзірленуде.Жобалардың басым бөлігі білім саласына қатысты. Мәселен, салаға қатысты 17 жобаның 11-і балабақша, 2-уі сауықтыру лагері, 1-уі мектеп, 1-уі мектеп-интернат, 1-уі туристер станциясы болса, тағы 1-уі өнер мектебі. Ал медицина саласына қатысты 5 емхана салу мен «Шымкент қаласындағы жедел жәрдем стансасын модернизациялау» жобалары және 7 спорт кешенін салу күн тәртібінде тұрған іс.Балабақшалардың басым бөлігі, яғни 4 мектепке дейінгі мекеме Сайрам ауданынан бой көтерсе, Түркістан, Кентау, Арыс, Шымкент қалалары мен Сарыағаш, Бәйдібек, Отырар, Түлкібас ауданында да бүлдіршіндерге арналған 75, 100, 240, 280, 320 орындық балабақшалар салынады деп күтілуде.Спортқа қатысты нысандарды Төлеби (2), Шымкент (2), Бәйдібек (2) және Түлкібас (1) аудандарынан пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал емханалар құрылысы Мақтаарал, Сайрам аудандары мен Кентау және Шымкент шаһарында жүргізілмек.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

203 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*