«Бозбала мен бойжеткен» шақырады

20.05.2017
Жыл сайын өткізілетін облыстық «Бозбала мен Бойжеткен» сайысы биыл да жалғасын таппақ. Жастардың жанашыры, әрдайым игі істердің бастамашысы болып жүрген «Даму» жастар қоғамдық бірлестігі аталған жобаны жоғары деңгейде ұйымдастырғалы отыр. Ауқымды шара Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ тапсырысы бойынша жүзеге аспақ. Өзге елдің қаңсығын таңсық көріп, ұлттық санамызға жат мейрамсымақтарын тойлағаннан көрі әрине жанымызға жақын, қазақы болмысты сайыстар ұйымдастырған әлдеқайда артық екені даусыз. Бұл жастарымыздың ұлттық тіннен ажырамауына сеп болмақ. Сондықтан аты да, заты да қазақы салт дәстүріміз сынды ұлттық қазыққа байланған осындай жобалардың өткізілуі жастарды рухани байытып, ұлтына деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз. 
Сонымен, 2017 жылдың 27 мамыр күні сағат 10:00-де Облыстық жастар ресурстық орталығының акт залында «Бозбала мен бойжеткен» сайысы өтеді. Облысымыздың түкпір-түкпірінен келіп бағын сынайтын жастарымызды қолдауға шақырамыз. Жастарды шабыттандыру мақсатында түрлі ақшалай жүлде қорлары қарастырылған. Бас жүлде – 300 000 теңге, 1-орын – 250 000 теңге, 2-орын – 200 000 теңге, 3-орын – 150 000 теңге. Сондай-ақ, 6 жұпқа көлемі 15 000 теңгені құрайтын ынталандыру сыйлықтары қарастырылған. Кіру тегін! Келіңіздер, көріңіздер!

228 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*