Жарияланды: 06.06.2017

«Оңтүстік аруы-2017» байқауына шақырамыз!

22.05. 2017
Күнгейде күн сайын қаншама байқаулар өткізіліп жатады. Бір біріне ұқсамайтын сайыстардың мақсаты да әралуан. Бұл жолғы байқау бұрынғыдан өзгерек. Өйткені күн шуағы көбірек түсетін өлкенің өңкей сұлуларының ішінен аруды таңдап алу оңайға түспесі анық. Әрдайым жастарға қатысты барлық мәселелердің басы қасында жүретін басқарма бұл жолы жастарды биік мақсаттарға жетелейтін сайысқа мұрындық болып отыр. Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» КММ әлеуметтік тапсырысы бойынша«Оңтүстік аруы-2017» байқауы өткізілмек. Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін облыстық байқауды «Даму» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырғалы отыр.
  Аталған байқау 2017 жылдың  27 мамыр күні  сағат 14:00-де Облыстық жастар ресурстық орталығының акт залында өтеді.  Облысымыздың түкпір-түкпірінен келіп бағын сынайтын жастарды қолдауға шақырамыз. Жастарды шабыттандыру мақсатында түрлі ақшалай жүлде қорлары қарастырылған. Бас жүлде – 300 000 теңге, 1-орын – 200 000 теңге, 2-орын – 150 000 теңге, 3-орын – 100 000 теңге. Кіру тегін! Келіңіздер, көріңіздер!

2 638 қаралым