Жарияланды: 23.03.2018

ОҚО ӨНЕРПАЗДАРЫ ШВЕЦИЯДА НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Финляндияға аттанған Оңтүстіктің өнер майталмандары Шведциядагы қазақ ұлттық мəдени орталығының Наурыз мейрамына қатысты. Қазақстанның өнер сәлемін арқалай барған делегаттарға аталған орталықтың жетекшісі Гүлмира Асылбекова алғысын білдірді.

Шетелдегі қандастармен бірге Ұлыстың ұлы күнін тойлап, қазақтың әнін, төгілген күйін қасиетті домбырамен паш етіп, мың бұралған би өрнектерімен көрермен жүрегіне жол салған Наурыз мерекесінде Қазақстанның Швециядағы Елшісінің көмекшісі Жәния Мухадиева ұлық мерекемен құттықтап, зор ілтипатын білдірді.
Айта кетсек, 2018 жылғы 17-24 наурыз күндері Финляндия Республикасының Хельсинки қаласында өтетін «Жұмбақ Жібек жолы» Халықаралық ашық ортаазиялық фестиваліне Қазақстанның атынан қатысу үшін Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері Абылайхан Оспанов,
облыстық опера және балет театрының солистері Ерлан Жандарбай, Үрәлхан Сейлбекова, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония артисі Ұлбала Ермұхаметова, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мұратбай Нұрмағанбетовтер аттанған болатын. Күні бүгінге дейін, аталған елдің бірқатар қалаларын аралап концерттік бағдарламалармен жұртшылықты тәнті етіп үлгерді.

2 628 қаралым