Авторские архивы: admin

Сенім телефонына хабарласыңыз!

ОҚО Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасының құрбандарының алдын алу» мақсатында «Даму» жастар қоғамдық бірлестігінде сенім телефондары жұмыс жасауда. Егер қандай да бір зорлық-зомбылықтың құрбанына куә болсаңыз, немесе жақын туыстарыңыздың осындай жағдайда зардап шексе 8 (7252) 39-26-62 сенім телефонына хабарласыңыз! Зардаптанушыларға немесе алдын алу мақсатында тегін психологиялық, құқықтық, ақпараттық-кеңестік қызметтер көрсетілетін болады. Зорлық-зомбылықтың алдын ...

Читать далее »

ОҚО ӨНЕРПАЗДАРЫ ШВЕЦИЯДА НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Финляндияға аттанған Оңтүстіктің өнер майталмандары Шведциядагы қазақ ұлттық мəдени орталығының Наурыз мейрамына қатысты. Қазақстанның өнер сәлемін арқалай барған делегаттарға аталған орталықтың жетекшісі Гүлмира Асылбекова алғысын білдірді. Шетелдегі қандастармен бірге Ұлыстың ұлы күнін тойлап, қазақтың әнін, төгілген күйін қасиетті домбырамен паш етіп, мың бұралған би өрнектерімен көрермен жүрегіне жол салған Наурыз мерекесінде Қазақстанның Швециядағы Елшісінің көмекшісі Жәния Мухадиева ұлық мерекемен құттықтап, ...

Читать далее »

Күнгейде «Наурыз көктем – Шымқала» айтысы өтті

Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Наурыз көктем-Шымқала» айтысы өтті. Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға арналған биылғы айтыстың ерекшелігі –дәстүрлі түрдегі дода бағытында емес, айтыс-шоу түрінде ұйымдастырылды. Айтысқа елімізге белгілі 14 айтыскер ақын қатысып, Қазығұрттан бастау алған әз Наурыз мерекесі мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өңірімізде жасалған үлгі боларлық оңды істер ...

Читать далее »

Заманауи орағыштар қолданысқа ендірілді

Наурыз айының алғашқы күндерінен бастап өңіріміздегі аурухана, емхана, жарақат бөлімдері полиуретаннан жасалған орағыш, ролл, шиналар қолдана бастады. Ол қарапайым гипстен жеті есе жұмсақ, терінің «демалуына» кедергі келтірмейді, онымен шомыла беруге де болады. Гиппоалергенді болып табылады. Әрі бірнеше минуттарда-ақ кеуіп үлгереді. Ал гипстің 24 сағатта қатаятыны белгілі. Синтетикалық полимер, пластмассаның бір түрі болып саналады. Полиуретан өздігінен адам денсаулығы үшін ешқандай кауіп ...

Читать далее »

ОҚО-ДА КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ 100 МЫҢҒА ЖАҚЫНДАДЫ

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев қыз-келіншектер мен аяулы аналарды «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтады. Мейрам қарсаңында нәзік жандыларға арнайы ақ дастархан жайылып, бұрымдылардың құрметіне «Әйел – ана – өмірдің өзегі» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Салтанатты шараға облыс ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, облыстық ассамблея өкілдері, облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ...

Читать далее »

ОҚО-да «Отырарды қорғау» атты мультфильм жарыққа шықты

Оңтүстік Қазақстан облысында «Отырарды қорғау» атты анимациялық фильм көрерменге жол тартты. Тұсауы кесілген туынды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыс әкімі Ж.Түймебаевтың идеясымен дайындалған. Қазақ халқының тарихынан сыр шертетін шығарманың салтанатты тұсау кесер рәсіміне облыс әкімі, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты. Жиында сөз алған өңір басшысы фильмді дайындаудағы мақсатына тоқталды. «Мемлекет басшысы мәдени қазыналарымызды әлем жұртшылығына таныстырудың ...

Читать далее »

Шымкенттің оқушысы халықаралық байқаудан жеңіспен оралды

Шымкент қаласындағы №1 балалар саз мектебінің оқушысы Даниал Бектай Әбу-Дабиде өткен халықаралық байқауда лауреат атанып қайтты. Жуырда Біріккен Араб Әмірлігінің астанасында «Abu Dhabi Music competetion» атты халықаралық байқау өткен болатын. Бұл өнер сайысына Қазақстан, Италия, Ұлыбритания, Мальта, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елден үміткерлер қатысты. Осы сайысқа Қазақстанның атынан қатысқан Даниал «Аспаптық музыка» номинациясы бойынша сынға ...

Читать далее »

Төсекте тоят таба аласыз ба?

Қазекем ешқашанда көрпе астындағы тірлікті жалпақ жұртқа жайып, жария етпеген. Бұл түрлі кезеңдерді бастан өткеріп бүгінде демократиясы гүлдеп тұрған дәуірде де әлі күнге дейін «ұят-айдың» айналасындағы тақырып саналады. Ұлдан ұят, қыздан иба кетпеуі үшін «тәк, тәк» және «тәйт»-пен өскен ұрпақ әлі де ұяттың көбесін сөге қойған жоқ. Соның арқасында болар батыстағыдай бейәдептік орын алып, ел шошытарлық небір сұмдықтар орын ала ...

Читать далее »

Күбі жасайтын шебер…

Бүгінде ер тұрман, астау, күбі жасайтын шеберлер ел ішінде саусақпен санарлықтай ғана. Әрі олардың қолынан шыққан дүниені базардан табу да мүмкін емес. Мың түрлі ұсақ-түйек сатылатын базардың өзінде ара-тұра табыла қалған жағдайдың өзінде хас шебердің қолынан шыққан дүние емес, арзанқол қытай тауарындай сапасыз болып шығады. Мал шаруашылығымен айналысатын ауыл халқы үшін күбі таптырмайтын дүние. Ағарғаннан сары майды айырып алу үшін ...

Читать далее »

«Бозбала мен бойжеткен» шақырады

20.05.2017 Жыл сайын өткізілетін облыстық «Бозбала мен Бойжеткен» сайысы биыл да жалғасын таппақ. Жастардың жанашыры, әрдайым игі істердің бастамашысы болып жүрген «Даму» жастар қоғамдық бірлестігі аталған жобаны жоғары деңгейде ұйымдастырғалы отыр. Ауқымды шара Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ тапсырысы бойынша жүзеге аспақ. Өзге елдің қаңсығын таңсық көріп, ұлттық санамызға жат мейрамсымақтарын тойлағаннан көрі әрине жанымызға ...

Читать далее »