Әдебиет

Әдебиетіміздің асыл кені

Жамбыл бабамыз өзінің ға­сырға жуық ғұмырында тау мен даланы жырлады, поэзия әлеміндегі туған халқының мақтанышы, әлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нәзік сезімге, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер әрбір жанды сүйсінтті. Жамбыл бабамыз – есімі қазақ әдебиетінде алтын әріптермен қалған ғажайып құбылыс! Алып та биік, айдынды да айбынды жыр жампозы! Ақиық ақынның ...

Читать далее »

Сүлеймен патша заманының құпиясы

Қазіргі заманғы Израиль жерінің түстігіндегі Тимна жазығында ертедегі энео­лит дәуірінен орта ға­сырларға дейін мыс өн­дірген кен орындары болған. Бірқатар зерт­теушілер бұл жерде Тәу­ратта кездесетін белгілі пат­ша Сүлейменнің най­засы жатқан деседі. Ал мұн­дағы шахталар ауасының құрғақтығынан органикалық ма­те­риал­­дар, соның ішінде дән, тері және мата жақсы сақталады екен. Жақында Тимна жазығында болып қайтқан Тель-Авив университетінің экспедициясы Дәуіт және Сүлеймен пайғамбар-патшалар өмір сүрген ...

Читать далее »

Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың мұрасы сақталады

АСТАНА. 29 наурыз. Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қоғам және саяси қайраткері Әбіш Кекілбаевтың мәдени мұраларын сақтау және  шығармаларын көпшілікке таныту жөніндегі арнайы комиссия құрылатын болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстық мәдениет басқармасы комиссия мүшелерін анықтап, іс-қимыл жоспарын жасақтайды. «Әбіш аға тек қана біздің аймаққа емес, сондай-ақ барлық елге танымал тұлға. Оның аты ...

Читать далее »

Айтулы азамат еді

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Біләлұлы Ықсанов өмірінің маңызды кезеңдерінің бір бөлігі Мырзашөл жерімен байланысты. Сонымен қатар, ол кісінің жан жары Саида жеңгеміз – киелі Жетісай өңірінің қызы. Мұстақым ағамыздың жалындаған жастық шағы, албырт кезеңі Мырзашөлдің ыстық алқабында құрыштай шыңдалды. Мұстақым Біләлұлы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бі­тірген соң Алматы қаласы Фрунзе аудандық комсомол ко­митетінің бірінші хатшысы болды. Содан кейін ...

Читать далее »

Әлихан әлемі

Алаш арыстары Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков пен Жақып Ақбаевтың туған жері Қарағанды облысының бұрынғы Қоңырат, қазіргі Ақтоғай ауданы. Осы ауданды «контрреволюция ордасы» деп атап, оның халқын бертінге дейін айрықша бақылауда ұстады. Осы аудан орталығында Әлиханмен аталас Кейкі төренің қабірінің көртопырағын ештеңеден сескенбей тегістеп, тақтай еден төсеп, төрт құлақты саман кірпіштен қаланған мазарының төбесін шатырлап, НКВД аудандық бөлімінің кеңсесіне айналдырғанын, оның ...

Читать далее »