Экономика

ОҚО-НЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІНДЕ ӨСІМ БАР

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде өсім байқалып келеді.Атап айтқанда, индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған жобалардың 94 %-ы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 101 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Нәтижесінде, оның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 %-ға өсті. Мұнан бөлек, өңірде жаңа өнім түрлерін өндіретін жаңа өндірістік нысандар іске қосылды. Облысымызға импортталатын өнімдер — су насостары, керомограниттік плиталар, кілемдер, ...

Читать далее »

МАҚТААРАЛДЫҚ ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ РЕСЕЙГЕ ЖӨНЕЛТІЛДІ

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында қырыққабат өнімін жинау науқаны басталды. Қазірдің өзінде егістік алқаптарда 58 бригада құрылып, онда 900-ден астам жұмысшы қырыққабат жинауға кіріскен. Алғашқы өнімнің легі еліміздің түрлі аймақтары мен Ресей және Беларусь еліне жөнелтіліп жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өткен ақпараттық туры барысында БАҚ өкілдері Атамекен ауылдық округінің диқандары еккен көктемгі қырыққабат дақылын жинау маусымының ...

Читать далее »

ШАРДАРАДА ШИТТІ МАҚТАНЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӘДІСПЕН ЕГУДЕ

Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылының мақташылары тың технологиялық әдіспен шитті мақта егу ісін облысымызда алғашқылардың бірі болып бастады. Мақта шитін жаңа тәсілмен еккен белсенділердің бірі «Иіржар-агро» ЖШС-гі. Серіктестіктің егістік алқабында жаңа технологиялық әдіс бойынша соңғы 5 жылдан бері мақта егіліп келеді. Былтырғы жылы 240 гектарға егілген мақталықтың әр гектарынан 51 центнерден өнім алған шаруалар биыл егістік көлемін 300 гектарға ұлғайтып отыр.Жаңа ...

Читать далее »

«ШЫМКЕНТ-СИТИ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 300-ДЕН АСТАМ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ БОЙ КӨТЕРЕДІ

Шаһардың ішіндегі қалаға айналуы тиіс нысанның жалпы көлемі 427 га. Қалашық 70 мыңға жуық тұрғынға есептелген. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеровтың айтуынша, мұнда 316 үй соғылады. 9, 12, 16 қабаттан тұратын баспаналар құрылысының орталығында көлемі 49 га болатын саябақ алаңы орналаспақ. Жобалаушылардың ойынша, «Шымкент-сити»-де жанға жайлы қажеттіліктің бәрі қарастырылмақ. Әлеуметтік нысандар – мектептер мен балабақшалар, емханалар және шаһарлықтардың бір ...

Читать далее »

ВТБ банкінің жаңа төрағасы тағайындалды

АЛМАТЫ. 16 наурыз. ВТБ (Қазақстан) банкінің директорлар кеңесінің шешімімен 2016 жылғы 15 наурыздан бастап ВТБ (Қазақстан) банкінің жаңа төрағасы болып Михаил Эдуардович Осеевский тағайындалды. Бұл туралы ВТБ банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Михаил Осеевский мемлекеттік және қаржылық басқару саласындағы көпжылдық кәсіби тәжірибеге ие, ВТБ тобының құрылымында 4 жылдан бері жұмыс істеп келген. «Бүгінгі күні ВТБ сәтті даму ...

Читать далее »

Өзара ынтымақтастық нығаяды

Нанкинде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ны дамыту инвестициялық форумы болды Үстіміздегі жылғы 17 наурыз­да Нанкин қаласында (ҚХР, Цзянсу провинциясы) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бастамасымен Ел­ба­сы Н.Ә.Назарбаевтың Қытай Ха­лық Республикасына сапары барысында қол қойылған ҚТЖ мен Цзянсу провинциясы арасындағы 600 миллион АҚШ долларына инвес­ти­ция құю туралы келісімге сәй­кес, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ны дамытуға инвес­торлар тар­ту мәселесіне арналған форум өткізілді. ...

Читать далее »

«Қазақмыс» корпорациясының жаңа басшысы тағайындалды

АЛМАТЫ. 24 наурыз. «Қазақмыс» корпорациясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) бас директоры Бақтияр Қырықпышев 2016 жылдың 1-ші сәуірінен бастап аталған корпорацияның басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан баспасөз клубына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бақтияр Қырықпышев Қазақстан Республикасының барлық өкілетті органдарымен, Үкіметпен, Парламентпен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен, компания атынан, компания қызығушылығын қорғай отырып, тығыз қатынаста жұмыс жүргізеді. Өндірістік, қаржылық, ...

Читать далее »

Жамбыл фермерлері

50 гектар жерді қамтитын алма бағы алқабына көшет отырғызып жатыр Жамбылдық фермерлер «бір­лік болмай тірлік болмайтынын» жақсы түсінген сияқты. Облыс­тың Жамбыл ауданында 30 ша­руашылық бірігіп, үлкен бір тірлікті қолға алды. Атап айтар болсақ, «Алтын алма» коопе­ра­тиві 50 гектар жерге алма бағы­ның көшетін отырғызып жатыр. – Бұл жерде алманың 7 түрі өсірілетін болады, – дейді кооператив төрағасы Рашид Шоң­баев. – Барлық ...

Читать далее »

Балыққа да басымдық берілмек

Күршім ауданында екі жыл бұрын «Төретоғам» ЖШС атты ірі балық ресурстарын аулау және өңдеу кәсіпорыны ашылған. Аудандағы жұмыс сапарымыздың аясында аталған зауыттың жұмысымен танысқан едік. Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаевтың айтуынша, аудан көлемінде 6 елді мекен жағалауда орналасқан. 300-ге жуық тұрғын тікелей балық аулау кәсібімен шұғылданады. Бұл – Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы жұрттың ежелгі кәсібі. Аудан әкімі ...

Читать далее »