«Дәуір қателігі» ретінде бағаланған саясат

Заңсыз тасымалдың жаңа бағыты ашылмақ

Ливияның жағалау күзеті қызметі ішінде 600-ге жуық мигрант бар Еуропаға бет алып бара жатқан үш кемені ұстаған. Бұл туралы осынау солтүстікафрикалық елдің билігі хабарлап отыр. Босқындар Триполиден 45 шақырым жердегі елдің солтүстік-батысындағы Эз-Завия қаласы маңындағы суларда ұсталған.

Африкалық бірнеше елден шыққандар болып табылатын мигранттар Еуропа құр­лығына үш үрмелі қайықтармен жетуге тырысқан. Дегенмен, Триполидегі про­ис­ламистік үкіметке бағынатын жағалау күзеті қызметі оларды орта жолда қолға түсірген.

Осы орайда сәуірдің алғашқы аптасынан бастап мигранттарды Италия аумағы арқылы тасымалдаудың көздестіріліп отырғанын да айта кету қажет. Заңсыз тасымалдаушылар «балкан маршруты» деп аталатын бағыт жабылғаннан кейін босқындарды Еуропаға Жерорта теңізі арқылы тасымалдаудың жаңа жолдарын ұйымдастыруды жос­парлауда. Бұл туралы өздері жүргізген тексерулер нәтижелеріне сілтеме жасай отырып, немістің Frankfurter Allgemeine Sonntagszeitung газеті хабарлаған.

Балықшылар катерлері мен шағын сауда кемелері арқылы тасымалдау түріктің Анталья курортынан, Сирия шекарасының жанындағы Мерсин қаласынан және Афи­­надан жүзеге асырылатын болады. Босқындар кеме халықаралық суларға жеткенге дейін трюмде жасырынып отыру жө­нінде нұсқау алатын болады, деп жазады жоғарыда аталған басылым.

Кейбір тасымалдаушылар аптасына екі рейс жасауға ниеті бар екендіктерін білдірген, ал енді бір адам өз кемесіне 200-ге дейін босқынды сыйғызғысы келетінін айтқан, деп атап көрсеткен газет. Сапар 3 мыңнан 5 мың долларға дейін тұрып, Түр­киядан грек аралдарына жеткізуге қарағанда едәуір қымбатқа түспек.

2 374 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*