Құрама маусымды жеңіспен бастады

Футболдан Қазақстан құрамасы 26 наурыз күні Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құраманың биылғы бірінші ресми ойыны болған бұл матч Түркияның Анталья қаласында өтті.

Ойынды біздің жігіттер өте ширақ бастады. Бірден допқа иелік етіп, алға ұмтылған қазақ­стандықтар бар болғаны 8-минутта есеп ашып үлгерді. Атап айтқанда, Серік­жан Мұжықов пен Бауыржан Ислам­ханның ұйым­дастырған шабуылына Мақсат Байжанов нәтижелі нүкте қойып, голдың авторы атанды.

Голдан қанаттанған жерлес­теріміз бұдан кейін де бірнеше шабуыл ұйымдастырды. Алайда, олар шешуші сәттерде мүлт кетіп, есепті еселеу мүмкіндігін пайдалана алмады. Әзербайжан ойыншыларының таразы басын теңестіру үшін жаса­ған әрекеттері де ешқандай нәтиже әкелмеді.

Екінші таймды қос команда да өте белсенді бастады. Тіпті, 56-минутта Сергей Хижниченкода есепті еселейтін тамаша мүмкіндік те болды. Бірақ оның қақпаға бағыт­т­аған добы нысанадан қиыс кетті. Артынша Мақсат Бай­жа­нов дубль атану мүмкіндігін мүлт жіберді. Оның жолына Әзербайжан қақпашысы Кямран Агаев тосқауыл болды.

Ойын соңына дейін қар­сыластар алма-кезек шабуыл­даға­нымен, гол соғылмады. Жат­тықтырушылардың тыңнан қосқан ойыншылары да ойын өрнегін айтарлықтай өзгерте алмады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетіп, футболшыларымыз отандық жанкүйерлерді бір қуантты.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Юрий Красно­жан қызметінен кеткелі бері футболдан ұлттық құрамамыздың бас жаттықтырушысы әлі та­ғайын­далған жоқ. Сол себепті, атал­ған ойынға бас командамызды ұлт­тық құраманың аға жаттық­тырушысы Нұркен Мазбаев пен «Ақжайық» командасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов бастап шықты. Сон­­дай-ақ, жаттықтырушылар құрамында Андрей Ферапонтов пен Юрий Новиков бар. Бұл мамандардың жетекшілігімен Қа­зақстан тағы бір жолдастық кез­десу өткізеді. Атап айтқанда, бүгін Тбилисиде футболшыларымыз Грузия құрамасымен сынға түседі.

2 362 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*