Өзара ынтымақтастық нығаяды

Нанкинде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ны дамыту инвестициялық форумы болды

Үстіміздегі жылғы 17 наурыз­да Нанкин қаласында (ҚХР, Цзянсу провинциясы) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бастамасымен Ел­ба­сы Н.Ә.Назарбаевтың Қытай Ха­лық Республикасына сапары барысында қол қойылған ҚТЖ мен Цзянсу провинциясы арасындағы 600 миллион АҚШ долларына инвес­ти­ция құю туралы келісімге сәй­кес, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ны дамытуға инвес­торлар тар­ту мәселесіне арналған форум өткізілді.

Форумды «ҚТЖ» ҰК» АҚ пре­зиденті Асқар Мамин алғы­­сөз­бен ашты. Ол екі ел басшылары Нұрсұл­тан Назарбаевтың және Си Цзиньпиннің бастамасымен «Нұрлы Жол» бағдарламасы және «Жібек Жолы экономикалық белдеуі» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың бірлескен көлік-логистикалық жүйесін жетілдіруге және Еура­зия құр­лығындағы тасымал­дау­ды дамы­ту бойынша сауда көлемінің артуына жет­кізетін қадам екендігін атап өтті.

«АЭА ерекшелігі 180 миллион тұрғыны бар және ҚХР-мен 110 миллиард АҚШ доллар сауда айналымы көлемін құрайтын Еуразиялық одақ нарығында жаңа өндіріс орындарын құру мен индустриялық серіктестіктің қанат жаюына зор мүмкіндіктер әпереді», деп атап өтті А.Мамин.

Қазіргі таңда АЭА-ның құрғақ порты Кеден одағы, Орталық Азия мен Еуропа, Парсы шығанағы елдерінің тұтынушыларына жүк­тер­ді жеткізудің логистикалық және мультимодальды операцияларын жүзеге асырады.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аймақтағы көлік-логис­тика хабын және эконо­ми­калық даму драйвері ретінде бірлескен көлік­-логистикалық жүйесін жа­сақтау маңызды болып саналады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің айтуынша, «Нұрлы Жол» бағдар­ламасы және «Жібек Жолы эко­­номикалық белдеуі» жобасы шең­берінде іске асырылып жат­қан жұмыстар өңірдегі жоға­ры тех­нологияға негізделген бәсе­ке­лес­тікке сай кәсіпорындар ашу, се­рік­тес­тікті дамытуға ықпал етеді.

Форумда сөз сөйлеген Цзянсу провинциясы губернаторының орынбасары Чжан Лей Қытай тарапы «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА индустриялық серіктестігін дамыту бағдарламасына белсен­ділікпен қатысатындығына сенім білдірді.

2 329 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*