100 жасаған актриса Хабиба апай

100 жасаған актриса Хабиба апай

Хабиба Елебекованың 100 жасқаБұл күндері Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында дәстүрлі «Театр көктемі–2016» фестивалі жүріп жатыр. Биылғы өнер думаны қазақ сахнасының көзі тірі көрнекті актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба Елебекованың 100 жасқа толуына арналған.

Жыл сайын Наурыз мерекесі және 27 наурыз Халықаралық театр күніне орайластырылып өткізілетін аталмыш фестиваль театрдың бүгінгі бағыт-бағдарын анықтауға, репертуар саясатындағы өзіндік ізденістерін, драматургия, режиссер, актер өнерінің бүгіні мен ертеңін зерделеуге мүмкіндік береді.

Биылғы фестивальда алдымен Кіші залда әлем театрларында өте көп және әртүрлі интерпретациямен сахналанған «Медея» трагедиясы қойылды. Бұл Алена Қабдешованың өзіндік жұмысы болып табылады.

Фестивальдың салтанатты ашылуын­да театр директоры Ерлан Біләл сөз толғап, мереке ресми түрде КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов қойған «Қаза мен жаза» спектаклімен басталды.

Сол сияқты, фестиваль байқауына қатысатын «Ай мен Айша» драмасы мен «Қаза мен жаза» криминалдық драмасы өткен маусымның премьералары болса, «Қоштасқым келмейді» (реж. Асхат Маемиров) мен «Алмас қылыш» (реж.Алма Кәкішева) 90-шы маусымның көзайымдары.

Қалай десек те 90-маусым театр үшін толағай табыстармен басталды. Тараз қаласында аталып өткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесінде М.Әуезов театры «Қилы жол» тарихи драмасын ұсынды. Тарихи-патриоттық тақырыптағы бұл алаңдық қойылым еліміздің сахна өнері тарихындағы ғана емес, рухани тәжірибесі тұрғысынан да аса сәтті мегажоба. Театр ұжымы Қыр­ғызстанда өткен «ARD ORDO» халықаралық фестиваліне қатысқан «Қас қағым» (реж. Е.Нұрсұлтан) трагедиясымен Бас жүлде, Атыраудағы Р.Отарбаев атындағы халықаралық фестивальдан «Бейбарыс сұлтан» (реж. Ю.Ханинго-Бекназар) тарихи драмасымен қатысып, Бас жүлде алып қайтқан болатын.

Фестиваль күндері режиссерлер, актерлер мен көрермендер арасында кездесу өткізіледі. Көрмелер ұйымдастырылады

2 480 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*