Месячные архивы: Март 2016

Азиядағы алып глобус

Оңтүстік Қазақстан облысында жасалды Шымкент қаласындағы №90 орта мектептің оқушылары Орта­лық Азиядағы алып глобусты 6 айда жасап шығарды. Жер шарының көшірмесін дайындауға аталған білім ұясының 300-ге жуық шәкірті жұмылдырылған. – Глобустың қаңқасын құрап болған соң, сыртын гипсокартонмен қаптадық. Дайын болған макет қабырғаларын гипспен сыладық. Ал глобустың графикалық бейнесіне қажетті бұйымдар елімізде табыл­мағандықтан, Ресейден арнайы алдыр­дық, – дейді глобусты жаса­ған оқушылардың ...

Читать далее »

Миды басқаратын құрылғы

Көкшетауда мектеп оқушысы Александр Данилов ми импульсын басқаратын құрылғы ойлап тапты. Авторлық жұмысының арқасында ол халықаралық конкурста екінші орынды иеленді. Бұл құрылғыға мамандар ерекше қызығушылық танытып отыр. Ал еліміздің бірқатар жоғары оқу орындары 11 сынып оқушысын грант негізінде оқуға қабылдауға дайын. Жаңа құрылғыны №19 фи­зика-математикалық мектептің оқушысы өзінің ұстазы Виктор Гайдаренконың көмегімен құрастырып шығарған. Ол зерттеу жұмысымен бесінші сыныптан бері ...

Читать далее »

100 жасаған актриса Хабиба апай

100 жасаған актриса Хабиба апай Руханият 29.03.2016 1 пікір жазылған 20 рет оқылды Бұл күндері Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында дәстүрлі «Театр көктемі–2016» фестивалі жүріп жатыр. Биылғы өнер думаны қазақ сахнасының көзі тірі көрнекті актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба Елебекованың 100 жасқа толуына арналған. Жыл сайын Наурыз мерекесі және 27 наурыз Халықаралық театр күніне орайластырылып өткізілетін ...

Читать далее »

ВТБ банкінің жаңа төрағасы тағайындалды

АЛМАТЫ. 16 наурыз. ВТБ (Қазақстан) банкінің директорлар кеңесінің шешімімен 2016 жылғы 15 наурыздан бастап ВТБ (Қазақстан) банкінің жаңа төрағасы болып Михаил Эдуардович Осеевский тағайындалды. Бұл туралы ВТБ банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Михаил Осеевский мемлекеттік және қаржылық басқару саласындағы көпжылдық кәсіби тәжірибеге ие, ВТБ тобының құрылымында 4 жылдан бері жұмыс істеп келген. «Бүгінгі күні ВТБ сәтті даму ...

Читать далее »

Өзара ынтымақтастық нығаяды

Нанкинде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ны дамыту инвестициялық форумы болды Үстіміздегі жылғы 17 наурыз­да Нанкин қаласында (ҚХР, Цзянсу провинциясы) «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бастамасымен Ел­ба­сы Н.Ә.Назарбаевтың Қытай Ха­лық Республикасына сапары барысында қол қойылған ҚТЖ мен Цзянсу провинциясы арасындағы 600 миллион АҚШ долларына инвес­ти­ция құю туралы келісімге сәй­кес, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ны дамытуға инвес­торлар тар­ту мәселесіне арналған форум өткізілді. ...

Читать далее »

«Қазақмыс» корпорациясының жаңа басшысы тағайындалды

АЛМАТЫ. 24 наурыз. «Қазақмыс» корпорациясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (ЖШС) бас директоры Бақтияр Қырықпышев 2016 жылдың 1-ші сәуірінен бастап аталған корпорацияның басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан баспасөз клубына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бақтияр Қырықпышев Қазақстан Республикасының барлық өкілетті органдарымен, Үкіметпен, Парламентпен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен, компания атынан, компания қызығушылығын қорғай отырып, тығыз қатынаста жұмыс жүргізеді. Өндірістік, қаржылық, ...

Читать далее »

Жамбыл фермерлері

50 гектар жерді қамтитын алма бағы алқабына көшет отырғызып жатыр Жамбылдық фермерлер «бір­лік болмай тірлік болмайтынын» жақсы түсінген сияқты. Облыс­тың Жамбыл ауданында 30 ша­руашылық бірігіп, үлкен бір тірлікті қолға алды. Атап айтар болсақ, «Алтын алма» коопе­ра­тиві 50 гектар жерге алма бағы­ның көшетін отырғызып жатыр. – Бұл жерде алманың 7 түрі өсірілетін болады, – дейді кооператив төрағасы Рашид Шоң­баев. – Барлық ...

Читать далее »

Балыққа да басымдық берілмек

Күршім ауданында екі жыл бұрын «Төретоғам» ЖШС атты ірі балық ресурстарын аулау және өңдеу кәсіпорыны ашылған. Аудандағы жұмыс сапарымыздың аясында аталған зауыттың жұмысымен танысқан едік. Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Чукаевтың айтуынша, аудан көлемінде 6 елді мекен жағалауда орналасқан. 300-ге жуық тұрғын тікелей балық аулау кәсібімен шұғылданады. Бұл – Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы жұрттың ежелгі кәсібі. Аудан әкімі ...

Читать далее »

Ұлттық валютаға көбірек ден қойған маңызды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Д.Ақышев Мемлекет басшысына Ұлттық банктің қазіргі қызметі, сондай-ақ, елдің қаржы нарығындағы ахуал туралы баяндады. Қазақстан Президенті қара­жат­ты қазіргі уақытта ұлттық валютамен сақтау халық үшін тиімді екенін айтты. – Теңге бойынша пайыздық мөлшерлеме жоғары, ал шетел ва­лютасындағы салымдарда ол әлде­қайда төмен. Еліміздегі барлық сатып алу, ...

Читать далее »

«Ауған түйінін» кім тарқатады?

Таяуда РҒА-ның Шығыс­тану институтында ресейлік сарапшылар қоғамы алдында тұсауы кесілген Сұлтан Әкімбековтің «Ауғанстан тарихы» атты жаңа кітабынан тарихи ғана емес, сонымен бірге, қазіргі заманның ең бір көкейкесті сауалдарына жауап табуға болады. Белгілі қазақстандық тарихшы және саясаттанушы, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры ауған факторы тақырыбын жаңа жалпытарихтық ракурста біздің бүкіл құрлығымыздың ...

Читать далее »