Парламент Сенатының депутаттары тұтынушылардың құқығы туралы заңға өзгерістер енгізгені туралы бұған дейін хабарлаған едік. Енді мәселені нақтылай түссек, алдағы уақытта сапасыз тауарды сатып алған жеріне екі аптадан кейін емес, жарты жылдан кейін де қайтаруға болады. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев тұтынушылардың бірнеше мәрте жасаған шағымдарынан кейін осындай шешім қабылданғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, бұл заңның тез бұзылатын тағам өнімдеріне қатысы жоқтығын, оларды ...
Читать далее »Ақ босаға
Қандағы қанттың құрамы енді тез анықталатын болды
Ғалымдар ойлап тапқан құрылғы қандағы қант құрамының деңгейін оңай, әрі әп-сәтте анықтай алады. Сондай-ақ, инновациялық жоба денедегі сұйықтықты басқаруға да мол мүмкіндік береді. Оқымыстылардың айтуынша, аталған тетіктің жақсы жұмыс істеуі үшін науқас жіпсіп, терлеуі керек. – Бұл құрылғыны жасап шығаруда біз сан түрлі тәжірибе жүргіздік. Соның нәтижесінде қант диабетімен ауыратын науқастың қан құрамы құрылғы арқылы бақыланады, – деді оңтүстіккореялық ғалымдар. ...
Читать далее »Ыдыс жуғыш сұйық
Мектеп оқушысы осындай зат ойлап тапты Атыраудағы Назарбаев зияткерлік метебінде оқитын 10-сынып оқушысы Кемелхан Қалиолла ыдыс жуғыш сұйық зат ойлап тапты. Ол мұны кәдуілгі қарбыз суының құрамындағы белсенді натрий тұздарының эфир майларын ыдырата алатынын анықтау арқылы шешіпті. Дегенмен, жоба әлі де тереңдетіле зерттеліп жатыр. Шалымды шәкірт қарбыз суының қасиетін зерттеуді былтыр бастаған екен. Содан бері ол ғылыми жетекшісімен бірге уақытының ...
Читать далее »Алғашқы қызғалдақ
Оңтүстік өңірінде қауыз ашты Оңтүстік Қазақстанда Қызыл кітапқа енген қырдың қызыл қызғалдағы гүлдеді. Әдетте, бұл гүлдер сәуір айында қауыз жарып, көздің жауын алатындай болып жайқалатын. Биыл оңтүстік өңірде көктем ерте шықты. Өсімдіктер де ерте оянып, мерзімінен бұрын гүлдей бастады. Осының бір дәлелі қырдың алқызыл қызғалдағы қауыз жарып, даланы гүлге бөледі. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әлемде қызғалдақтың 83 түрі ерекше қорғалатын өсімдіктер ...
Читать далее »