Заманауи орағыштар қолданысқа ендірілді

Наурыз айының алғашқы күндерінен бастап өңіріміздегі аурухана, емхана, жарақат бөлімдері полиуретаннан жасалған орағыш, ролл, шиналар қолдана бастады. Ол қарапайым гипстен жеті есе жұмсақ, терінің «демалуына» кедергі келтірмейді, онымен шомыла беруге де болады.

Гиппоалергенді болып табылады. Әрі бірнеше минуттарда-ақ кеуіп үлгереді. Ал гипстің 24 сағатта қатаятыны белгілі. Синтетикалық полимер, пластмассаның бір түрі болып саналады. Полиуретан өздігінен адам денсаулығы үшін ешқандай кауіп туғызбайтынды. Заманауи материалдар «Marai E7group» ЖШС-інің цехтарында дайындалуда.
Шымкенттегі «Тассай» индустриялды аймағында орналасқан аталмыш серіктестік медициналық жабдықтардың 17 түрін шығарады. Оңтүстік кореялық технологиямен жабдықталған кәсіпорында жылына 500 мың бинт пен 274 мың ортопедиялық бұйым шығарылады. Өткен жылдың басында ғана іске қосылған зауыт бүгінде қарыштап дамып келеді.

Кәсіпорын өнімдері түрлі сынық-жарақатта қолданылады, әрі өте тиімді екенін дәлелдеп үлгерді. Өнімдердің салмағы жеңіл, эластикалық иілгіш, рентген өткізгіштігімен және жылдам қатаюымен ерекшеленеді. Бүгінде отандық ауруханаларды қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелдерге де өнімін экспорттап отыр. Заманауи зауыттың өнімдеріне сұраныс күннен күнге арта түсуде. ТМД елдері бойынша баламасы жоқ кәсіпорын еліміздің нарығын толық қамтамасыз етуге қауқарлы.

117 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*