Ежедневные архивы: 18.06.2018

Жаңа өнім өндірмек

Бұрын өңделген томат өнімдерін шетелден тасымалдайтынбыз. Енді тек отандық өнімді пайдаланатын боламыз. Отандық өнім дүкен сөрелеріндегі импорт тауарларды түре қуып шығатын күн де алыс емес. Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Арыс қаласындағы «Агрофирма Жаңа Ақдала» ЖШС-нің қызанақ өңдейтін томат зауыты бүгінде облыс аумағында аудандарды томат пастасымен қамтып отыр. Тәулігіне 400-500 тонна қызанақ өңдейтін алып кәсіпорын алдағы уақытта да өнім көлемін арттыруды ...

Читать далее »

Газобетон өндірісі өрлеп келеді

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт ауданында бүгінде кәсіпкерлік кең қанат жайып келеді. Істің көзін таба білетін кәсіпкерлер сұранысқа аса қажетті тауар өндіруді шебер меңгерген. Әрі маркетингтік зерделеу, талдау жұмыстарына ден қойып, сұранысқа ие тауарларды таңдап, сол кәсіптің көзін тауып тасын өрге домалатып отырғандар да жоқ емес. Қазығұрттықтар енді аудан, облыстың ішкі нарығынан  көрші аудандарды да газобетон блоктарымен қамтамасыз етуге құлшынып отыр.  Құрылысқа ...

Читать далее »

Барлық өнім шетелге экспортталады

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысының орталығындағы «Оңтүстік» индустриалды аймағында қайнаған қызу жұмыс. Түрлі кәсіпорындар бүгінгі ішкі нарыққа да, сыртқы нарыққа да аса сұранысқа ие тауарлар өндіруде. Алармандары да аз емес. «Оңтүстік» индустриалдық аумағындағы «Shymkent Temir» оңтүстік өңірдегі болат блюм шығаратын алғашқы қазақстандық кәсіпорын. Алып зауыт «Shymkent Temir» ЖШС бас директоры Б. Әлтеевтің айтуынша, зауытта 40 тонналық индукциялық пештер және үш қырлы ...

Читать далее »

Инвестиция көлемі артып келеді

Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысында жылдың соңына дейін 34,7 миллиард  теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылады. Бүгінгі таңда іске қосылған жобалардың 94 пайызы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 71 миллиард теңгенің өнімін өндірді. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 пайызға жеткен. Бұдан бөлек, «Оңтүстік»  арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция соммасы 34,3 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылған.  Яғни бұл кәсіпорындармен 22,7 миллиард теңгеге өнім өндірілсе, ...

Читать далее »

Инвестициялық жоба қолдау таппақ

Оңтүстік Қазақстан облысында ҚР индустриалды- инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасының жүзеге асыру барысында аудандарда да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жалпы өткен жылы Сарыағаш ауданында «Индустриалды инновациялық даму» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 470,0 миллион теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба кәсіпкерлік қолдау картасына енгізілген болатын. Олар «ТМстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бірлік ауылдық округіндегі аумағынан жалпы құны 250,0 миллион теңгені құрайтын пресс жіп ...

Читать далее »

Ауылдарда да индустриалды аймақ құрылады

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты барлық аудандарда индустриалды аймақ құру мәселесі шешімін тауып келеді. Аудандардан жырақта жатқан ауылдарда да индустриалды аймақ құру жоспарда бар. Сарыағаш ауданына қарасты Жылға ауылдық округі аумағында орналасқан индустриялдық аймақтың жобалық-сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілген болатын. Алайда, ауыз су мәселесі шешілмегендіктен инфрақұралым жүйелері құрылысын жүргізу үшін қаржы бөлінбеген. Дегенмен жақын аралықта бұл мәселе шешімін тауып ...

Читать далее »