Ежедневные архивы: 09.08.2018

Жобаның тиімділігі мол

Экономикалық өрлеудің басты шарты өндірістің дамуынан ғана тұрмаса керек. Жұмыссыздықты жою да бір парасы болып табылса керек. Түркістан облысында азаматтардың өз бейіміне қарай қайта даярлау курсынан өтуіне мүмкіндік бар. Білім алып, кәсіп үйренемін деушілерге мемлекеттен қолдау да мықты. Мәселен, облыстық индустрия-құрылыс колледжінде қазір Арыс қаласы мен Төлеби ауданының 50-ге тарта жұмыссыз тұрғыны кәсіптік білімге машықтануда, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Тәуелсіз ...

Читать далее »

Жаңа облыстың дамуындағы ерекшелiктер

Түркістан облысы деп аталған өңіріміздің экономикалық әлеуеті зор. Қазіргі облыс  аумағы 116 095 шаршы шақырым жерді алып жатыр. Ендігі таңда жаңа әкімшілік құрылымның дамуы оның экономикалық әлеуетін қалай пайдалануына байланысты, деп хабарлайды okg.kz. Облысымыздың  экономикалық   әлеуеті  4 негізгі элементтен құралады. Біріншісі – табиғи-экологиялық әлеует. Екіншісі – ресурсты-өндірістік әлеует. Ол өндірістік капиталдың түрлі элементтерінің нақты формаларында қызмет етіп, нақты ақшалай формаға ие ...

Читать далее »

Ризығын жерден терген…

Қазір егін егіп, мал асыраймын деген ынтасы бар адамға Үкіметтің қаржылай көмегі көп-ақ. Оны түрлі қаржылық институттар арқылы да, субсидия түрінде де алуға болады. Бірі егін егіп, көл-көсір пайда табуды ойласа, енді бірі мал өсіріп, одан мол өнім алуды қалайды. Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданына қарасты Көлтоған ауылын негізінен ризығын жерден терген диқандар мекен етеді, деп хабарлайды okg,kz.  Нұрмағанбет Сатыбалды осы ...

Читать далее »

Еңбекшілік егіншілердің еңбегі ерен

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт өңірінде егін орағының нағыз қызған шағы. Диқандар маңдай термен өсірген ризықты шашпай-төкпей жинап алуды мақсат тұтып отыр. Қ.Әбдәлиев ауылдық округіне қарасты Еңбекші елді мекеніндегі «Үшбастау» өндірістік кооперативі 2002 жылы құрылған. Астық өндірумен айналысатын кооперативте 1690 гектар егістік алқап бар. Шаруашылық биыл 750 гектар жерге күздік бидай, 50 гектарға арпа, 260 гектарға мақсары дақылын егіпті. 630 гектар ...

Читать далее »

Астық түсімі жақсы

Бүгінде Түркістан облысында астық ору науқаны қызу жүріп жатыр. Аудандардың дені астықтың елу пайызынан астамын қамбаға құйып үлгерді. Сарыағаш ауданында да биылғы астық түсімі жақсы. Мәліметке сүйенсек ауданда масақты дақылдар 34714 гектарға егілген. Оның ішінде 33492 гектар егістік жиналып, жалпы өндірілген өнім 48 092 тоннаны құрап отыр. Атап айтсақ Ақжар, Әлімтау, Дарбаза, Дербісек, Қызылжар, Құркелес, Жылға, Жібек жолы, Тегісшіл ауылдық ...

Читать далее »