Ежедневные архивы: 04.09.2018

Ж.Түймебаев: «Түркістан мен Шымкент бір бірін қолдап, қатарласа дамиды»

Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы əкімдіктерінің арасында меморандум жасалды. Меморандумға қол қойған Түркістан  облысының əкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бір-бірін қолдап, бірге дамитынын айтты. «Өздеріңіз білетіндей биыл Шымкент қаласы республикалық маңызға ие мегаполиске айналды. Ал, 19 маусымда Елбасы Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы облыс орталығы болып бекітілді. Бүгін республикалық статусқа ие Шымкент қаласының ...

Читать далее »

Түркістанды түлетуге іскер азаматтар жұмыла кіріседі

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарымен және іскер азаматтармен кездесіп, облыс орталығы – Түркістан қаласын дамытуға жасалған жобалардың барысымен таныстырды. Өңір басшысы Елбасының Түркістанды түлетуге аса назар аударып, оған республикалық бюджеттен бөлек, еліміздің өзге өңірлерін, ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдерін атсалысуға шақырғанын атап өтті. Болашақта Қазақстанның ғана емес, бүкіл Түркі жұртының рухани-мәдени орталығына айналуы тиіс ...

Читать далее »

Жүгеріден мол өнім алмақ

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Жылысу ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында алдағы мақта теру науқанына дайындық шаралары пысықталып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлерді цифрландыру, ауыз су, жол жөндеу мәселелері талқыланды.  Алдымен ауыл округінің әкімі Ермек Толыбаев соңғы 7 айда атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, бүгінде округте 6477 гектар жерге мақта егілсе, 905 гектарға бақша, 447 гектарға дәндік жүгері ...

Читать далее »

«Бастау бизнес» шаруа еңбегін еселеуде

Өнімді өндірмей тұрып, сатуды, несиені алмай тұрып, төлеуді ойластыру керек. Сонда ғана басталған істе береке болады. Сонымен қатар, кәсіп ашамын деген азамат міндетті түрде нарықты зерттеп, арнайы курстан өткені абзал. Бұл — елімізде өткен жылы қолға алынған «Бастау Бизнес» жобасының негізгі тұжырымдамасы. Айтып өтейік, аталмыш жоба аясында былтыр еліміз бойынша 15 мың азамат білімін жетілдірсе, биыл 30 мыңдай жан бір ...

Читать далее »

Кәсіпкерліктің көзін тапқан

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту». Игілікті жоба Отырар ауданында сәтті жүзеге асуда, деп хабарлайды «Оңтүстік» телеарнасы. Өткен жылдың өзінде аталған бағдарлама аясында 145 азамат шағын несие алып, кәсібін дөңгелетіп әкетті. Іскер азаматтардың бірі «Ағысай» тігін шеберханасын ашты.  «Ағысай» — Шәуілдір халқының қажетіне жараған  тігін шеберханасы. 3 жылдан бері ісін икемдей алмай қиналғандар мемлекеттік бағдарлама арқасында 7 миллион теңге ...

Читать далее »