Ежедневные архивы: 10.10.2018

Ел экономикасының инновациялық дамуы үшін…

Дуальді оқу жүйесін енгізуде ұлттық модель қалыптастыру және ел экономикасының инновациялық дамуы үшін кадр дайындау мәселелері бойынша, әлеуметтік әріптестікті дамыту үшін Шымкент аграрлық колледжі оқытушыларының біліктілігін арттыру мақсатында Түркістан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының көмегімен «Аға сарапшыларқызметі» (SES) бойынша Германия елінің тәжірибелі Ауыл шаруашылық маманы Dr. Peter Robert Christ-і арнайы шақырды. Халықаралық сарапшы ауыл шаруашылығында көп жылдық тәжірибесі бар. Агрономия саласын ...

Читать далее »

Табыстың сыры- еңбекте…

Елге есімі белгілі, даңқты дихан – Бегім Дөнбаевтың ауылшаруашылығы саласында қол жеткізген сүбелі жетістіктері жұртшылыққа мәлім. Бүгінде даңқты диханның ісін ұлы, Ауған соғысының ардагері Нұрлан Дөнбаев жалғастыруда. Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының тұрғыны Нұрбол Бегімұлы басқарған «Нұрбол» шаруашылығы 10 гектарға мақсары, 5 гектарға бидай, 3 гектарға жоңышқа еккен. Мақсары алқабы бітік, жайқалып өсіп тұр. Жоңышқалыққа үш мәрте орақ салды. Суғару ...

Читать далее »

Жиһаз және сабын өнімдерін өндіруде

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төлеби аудандық филиалының қызметкері С.Нурсейітовтың және Киелітас ауылдық округі әкімі аппаратының кәсіпкерлік саласының бас маманы Ж.Маменовтың ұйымдастыруымен Киелітас ауылдық округі Достық елді мекені Астана көшесінде орналасқан жеке кәсіпкер К.Абжаппарованың «Ақниет» кафесінде округ кәсіпкерлерімен дөңгелек үстел  өтті. Жиналысқа Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері тарапынан несие алудың және кәсіпкерлерге сервистік қызмет көрсетудің жаңа үлгілерін насихаттау, автоматтандырылған жүйемен қалай ...

Читать далее »

Кәсіпкерлік саласы жедел дамып келеді

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Құмкент ауылдық округінде шағын және орта кәсіпкерлік саласы соңғы жылдары жедел дамып келеді. Округтің негізгі саласы ауыл шаруашылық саласы болып есептеледі. Осыған орай ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында біршама жұмыстар атқарылған. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығы малдарын асылдандыру барысында мемлекет есебінен ауылдық округіне қарасты 3 елді мекеннен 1 қолдан ұрықтандыру пункті, 1 мал дәрілеу бассейні ашылды. Ауылдық ...

Читать далее »

Отырарға келетін туристер легі толастамақ емес

Бүгін Отырар ауданына Франция еліне белгілі профессорлар мен тарих ғалымдары келіп, күллі мұсылман тәу ететін Арыстанбаб кесенесіне барып зиярат етті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Қонақтарды кесене алдында күтіп алған аудан әкімі Ерлан Айтаханов Отырар мен Арыстанбаб тарихына және аңыздарға тоқталып, ғалымдарды қызықтырған барлық сауалдарына жауап берді. Меймандар топырағын түртсең тарих сөйлейтін киелі Отырар жерінің өткен ғасырдағы өмірі мен ...

Читать далее »

Жарқын өңірге айналған Құмкент

Еліміздің кез-келген еңбекке қабілетті азаматы тұлпар мініп ту алған бабаларымыздың тілегін жалғап, «Мәңгілік елдің» тұғырлы болуына өз үлесін қосуды міндеті деп білуі тиіс. Атқарып отырған кәсібіміз, игілік пен абыройдың бәрі Отанымыздың береке- бірлігінен өрбіп жатыр. Біз бүгінгі таңда шын мәнінде іргелі ел, мәртебелі мемлекет болдық . Ол әрине, Тәуелсіздігіміздің арқасы деп білемін. Сондықтан да, бұл қасиетті ұғымды қашан да ұлықтай ...

Читать далее »

Мал шаруашылығын дамыту маңызды қадам

Түркістан өңіріндегі өндірісті қаланың бірі Кентау бүгінде қарқынды жамып келеді. Кеңес кезеңінде есігіне қара құлып салынып, жабылып қалған өндіріс ошақтарының тамырына қан жүгіре бастады. Ал қалаға қарасты ауыл аймақтарда шағын және орта кәсіпкерліктің қазанын қайнатып жатқандардың қатары қалыңдап келеді. Қарнақ ауылының тұрғыны А.Хабибуллаев 2014 жылы мал бордақылау алаңын ашқан. Ірі қара өсірумен айналысатын шаруа, бүгінде сүт өндіруді де жолға қойған. ...

Читать далее »

Кәсіпкерлік саласына күш салынуда

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы Сызған ауылдық округінде кәсіпкерлік саласы бойынша 24 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркеліп, оларда тұрақты 36 адам жұмыспен қамтылған. 14 азық-түлік дүкені, 1 дәріхана, 2 шайхана, 2 тойхана, 4 монша, 1 АЖБ жұмыс жасайды. Алдағы уақытта шағын кәсіпкерлікпен айналысатын субьектілердің санын көбейтіп, халыққа қызмет көрсету жұмыстары жүргізіле береді. 2018 жылы тігін цехы, тоңазытқыш, теледидар, телефон, компьютер жөндейтін ...

Читать далее »

Ж. Түймебаев түркістандықтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Оңтүстік филиалы директоры Құдайберген Сейтмамбетовпен кездесті. Жүздесуде «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының бағыттарының бірі — кредиттік тұрғын үй құрылысын дамыту мәселелері қаралып, қолжетімді баспана мәселесін шешу жағдайлары сөз болды.  Аталған банктің өңіріміздегі жетекшісі саладағы атқарылған бірқатар жұмыстардың барысын баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, бүгінгі таңда «Тұрғын ...

Читать далее »

Әлеуеті жоғары ауыл көркейіп келеді

Түркістан облысындағы Созақ ауданында ауылдық округтердің қазына қоржынын қомақтыландыруда қосып отырған үлесі аз емес. Шаруа қожалықтары да, кәсіпкерлер де атсалысуда. Ауданға қарасты Сызған ауылдық әкімдігінде Қозмолдақ, Сызған, Басбұлақ, Қайнар деген елді мекен бар. Сызған ауылдық округі Қозмолдақ елді мекеніне дейінгі 11 шақырым асфальт жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сызған ауылдық округі әкімдігінің балансындағы «Шұқырой» каналының құжаттары тиісті мемлекеттік тіркеуден өткізіліп, ...

Читать далее »