Ежедневные архивы: 12.10.2018

Өндіріс орындарының қуаттылығы артып отыр

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков қала әкімі Болат Әділбековпен бірге Леңгір қаласында орналасқан нысандармен танысты. Алдымен, аудан әкімі «Алатау» мөлтек ауданына тас төсеу жұмыстарымен танысудан бастады. Ары қарай жұмыс сапарын ұн, кебек, бидай қалдығын өндіретін «Ақ Маржан- LTD» акционерлік қоғамымен танысумен жалғастырды. Қуаттылығы жылына 34320 тонна өнім шығарылатын мекеме басшысы Таубазаров Ержан Тұрсынұлының қарамағында 76 жұмысшы жұмыс ...

Читать далее »

Сарыағашта грек жаңғағының 11 түрі өсіріледі

Бүгін Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде орналасқан «Сарыағаш жер сиы» ЖШС-нің аумағында «Грек жаңғағы плантациялардағы жүргізілетін күздік жұмыстар» тақырыбындағы ғылыми практикалық семинар өтті. Семинарға Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы С.Н.Олейченко қатысып, өз тәжірибесімен бөлісті. Семинардың мақсаты — жаңғақ өнімдерін жаңа түрлерін облысымызда өсіруге жағдай жасау, баптау әдістерін халыққа түсіндіру. Қазіргі таңда елімізде ...

Читать далее »

Жетісай ауданында қайта өңдеу саласына аса мән беріліп отыр

Жетісай ауданына насихат тобын басқарып келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков Асықата кентіндегі «Корпорация Ақ — алтын» ЖШС-нің мақта зауыты мен «Ақ — алтын Береке» ЖШС-нің сүт өңдеу цехының жұмысымен танысты. Ербол Қуанышұлы алдымен мақта зауытын аралап көріп, ондағы жұмыстарға оң бағасын берді. Аталған кәсіпорында бүгінде 150 адам еңбек етеді. Күзгі науқан басталғалы зауыт 9 мың тонна мақта қабылдап ...

Читать далее »

Келесте кәсіпкерлік саласына аса мән беріліп отыр

Келес ауданына насихат тобын басқарып келген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков алдымен Келес ауданының орталығы Абай ауылында орналасқан Келес аудандық орталық ауруханасының жұмыс барысымен танысып шықты. Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары Абай ауылындағы «Әуес» сауда орталығында болып, базар тыныс-тіршілігімен танысты. Аудан аумағында аралау барысында облыс әкімінің орынбасары Біртілек ауылдық округі, Аққорған елді мекенінде орналасқан «Келесгидрострой» ЖШС-нің «Рысжан» шағын су ...

Читать далее »

Төлеби ауданы ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің «Алтын күз» мерекесі болды

Түркістан облысындағы Төлеби ауданының орталық алаңында ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, ауылшаруашылығының (асыл тұқымды мал шаруашылғы, ауыл шаруашылық техникасы) көрмесі бастау алды.  Мерекелік бағдарлама әр округ жеке-жеке тақырыпқа сай, үстінде округте өндірілген өнімдердің көрмесімен безендірілген жүк көлікпен және ауылшаруашылық озаттары бастаған сала мамандарының, «Төлеби су шаруашылғы» МКК қызметкерлерінің және ветеринария бөлімі, «Төлеби ауданының ветеренариялық қызметі» МКК арнайы киіммен, техникасымен мерекелік шеруінен басталды.  ...

Читать далее »

Жас аналарға қамқорлық жасалды

Отан – отбасынан басталады. Елбасы жарлығымен бекітілген Отбасы күні мерекесіне орай бәйдібектік жастар игілікті іске мұрындық болды. «Жастар ресурстық орталығының» әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының мамандары аудандық орталық ауруханаға барып, ондағы жаңадан босанған аналарға сый-сияпат жасады. Шара барысында аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Асыл Абжалов мереке қарсаңында босанған жас аналарға ізгі тілегін жеткізіп, арнайы сый-сияпатын тапсырды. Игі бастамаға аудандағы атымтай ...

Читать далее »

Mega Mi орталығы — баланы шашпаң ойлап, жылдам шешім қабылдауға үйретеді

«Mega Mi». Шымкентте осындай атаумен алғаш рет балаларды жапондық әдіспен оқытатын орталық ашылды. Ол -шетелдік әдісті қазақ менталитетіне икемдеп, бала зейінін дамытады. Орталықтың ерекшелігі сол, нейрогимнастика жаттығуларын жетік меңгерген мамандар кез-келген баланың қабілетін ашуға тырысады. Пайымы бөлек, ойы зерек баланың миын жаттықтырып, қабілетін дамытатын бастама — Жанат Қаныбекқызының идеясы. Орталықты ашпас бұрын ол әуелі Тараз қаласында оқу курсынан өтті. Бұл ...

Читать далее »

Психологтардың біліктілігін арттыруға негізделген жоба

Түркістан облысындағы барлық аймақты қамтитын тағы бір жаңа жоба қолға алынды. Суицидтің алдын-алу бойынша жұмыс істейтін бұл жобада зорлық-зомбылықты болдырмау шаралары қамтылады. Психология саласындағы жаңа әдістер мен заманауи техникалар оқылатын болады. Үстіміздегі жылды, бүгінгі күнге дейін алып қарайтын болсақ, жеткіншектер арасында түрлі деңгейдегі 180 қылмыс  тіркелген. 157 жасөспірім суицидке оқталып, оның 72-сі  қайғылы жағдайға ұшыраған. Әлі он екіде бір гүлі ...

Читать далее »

Тату отбасы. Бақытты бала. Гүлденген ел

«Тату отбасы. Бақытты бала. Гүлденген ел». Дәл осындай атпен Түркістан облысы Ордабасы ауданында конференция болып өтті. Конференцияның негізгі мақсаты, аты айтып тұрғандай отбасындағы татулық пен ынтымақты, жайнаған жасыл әлемде балалардың бақытты өмір сүруін айту. Қазіргі таңда, айрылысқан жұбайлар қаншама?! Ата-аналардың қателігінің салдарынан зардап шеккен сәбилер де аз емес. Алаңсыз өткізер балалық шағын бақытпен емес. тіпті, кейбірі балалар үйінің мейірімсіз қабырғасында ...

Читать далее »

Берік отбасы — берік мемлекет

Отанды сүю — отбасынан басталады. Әрбір отбасыны шағын мемлекет деп қарастырар болсақ, әр шаңырақтың өз ұстанымдары мен заңдылықтары бар. Соған қарап, онда өсіп келе жатқан жас ұрпақ та бой түзеп, өз сана-сезімін қалыптастырады. Отан сүйгіштік, патриотизм, ұлтжандылық, мейірімділік, сондай-ақ, имансыздық пен жауыздық, мейірімсіздік пен аяусыздық та осы отбасында алған тәрбиесінен бастау алады. Сол себепті, елім өссін, өркендесін деген әрбір адам ...

Читать далее »