Ежедневные архивы: 18.10.2018

Туризм индустриясы қанат жайған

Түркістан облысына қарасты Төлеби ауданында алғаш рет аудан басшысының бастамасымен туризм саласы бойынша дөңгелек үстел мәжілісі өткізілді. Іс-шараға облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Олжас Шынтаев, туристік-ақпараттық орталық мамандары, архитектор Бақытжан Әшірбаев және Төлеби ауданы туризм саласының 20-дан астам кәсіпкерлері қатысты. Кездесу барысында ауданның туристік әлеуетін дамыту жолдарын анықтау негізгі мәселе ретінде қарастырылды.Жиналысты аудан әкімі Б.Омарбеков ...

Читать далее »

Жыл он екі ай мол өнім

Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының Келтемашат ауылдық округіне қарасты Кершетас елдімекенінде орналасқан «Болат» шаруа қожалығының төрағасы Шахтыбек Ботагеев 2014 жылы 0,29 га жерге жылыжай салып, қазіргі таңда жылына қызынақтан екі рет өнім алып, тұрақты түрде жұмыс атқарып келеді.  Мамыр айында 22 тонна, қараша, желтоқсан айында 25 тонна өнім жинады. Ауыл тұрғындары жылыжайдың өнімдерін тұтынып, ризалықтарын білдіруде. Әрі көкөністер базар бағасынан ...

Читать далее »

Жылысуда ем алушылардың қатары артып келеді

 Жетісай ауданы Жылысу ауыл округі Жылысу ауылындағы демалыс орындарында ем алушылардың қатары жыл санап артып келеді. Өйткені мұндағы 900 метр тереңдіктен шығып жатқан 45 градустық жерасты суы буын, аяқ-қол сырқаттарын бірден бір ем. Биылдың өзінде осы ауылдағы 3 емдеу сауықтыру орталығына еліміздің түкпір-түкпірінен 3800-ге жуық адам келіп, ем алыпты. Демалушылардың ыстық ықыласына бөлініп отырған сауықтыру орталығының бірі – «Төлеген санаториясы» ...

Читать далее »

Түркістан облысында қоғамдық көліктер жаңартылатын болады

2019 жылдан бастап Түркістан облысындағы қоғамдық көліктердің 70 пайызы кезең-кезеңімен жаңартылады. Бұл туралы Түркістанда өткен автобустық тасымалдауды дамытудың кешендік бағдарламасын іске асыруға арналған форумда айтылды. Жиынға еліміздегі автобус құрастырумен айналысатын зауыт өкілдері, аймақтағы жолаушылар тасымалымен айналысатын автобус паркінің басшылары, аудан әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Асхат Шалабаев облыстағы ауданаралық жолаушылар тасымалымен айналысатын серіктестік басшысының орынбасары. Автопаркте күнделікті тасымалмен айналысатын 80-нен аса автобус ...

Читать далее »

Жер мәселесі – маңызды мәселе

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ұйымдастыруымен Түркістан облысындағы Отырар ауданында жер саласына қатысты кеңес беру семинары өтті. Жиынды Республикалық арнайы мониторинг тобының жетекші сарапшысы, жер қатынастары бойынша құқықтық және сот саласында мол тәжірибесі бар кәсіби заңгер Базарбек Бақытжан Жұмабекұлы жүргізді.          Азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру және жер саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету мақсатында өткен ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЕГІСТІК ЖЕРДІҢ КӨЛЕМІ 800 МЫҢ ГЕКТАРДАН АСТЫ

Түркістан облысындағы егістік жердің көлемі 807,4 мың гектарға жеткен. Өткен жылы бұл көрсеткіш 798,4 мың болғанын ескерсек, 9 мың гектарға артқанын аңғаруға болады. Мұндай жетістікке «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жетіп отырмыз. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді. Оның пікірінше, облыста ...

Читать далее »

Қазығұрт қарыштап дами бермек

Қазығұрт ауданының бүгін тойланып жатқан 90 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қазығұрт – адамзаттың рухани шыңы» атты ғылыми-теориялық конференцияда өңір басшысы осылай деді.  «Түркістан облысындағы көрікті әрі табиғаты бай Қазығұрт ауданының мерейлі мерекесі бәрімізге ортақ. Мақсат — той тойлау емес, бір ғасырға жуық уақыт аралығындағы оқиғаларды ой елегінен өткізу. Елдің бірлігін нығайтып, игі іске жұмылдыру. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы жарқын болуы үшін ...

Читать далее »

Құны 11 млрд. теңгеден асатын инвестициялық жобалар қорғалмақ

Түркістан облысында «Protecting Business and Investments» жобасы аясында инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге тағы 3 кәсіпорын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өңіріміздегі департаментімен  екі жақты келісімге қол қойды. Жобаның мақсаты – қолайлы  инвестициялық ақуал қалыптастырып, мемлекеттік билік институттарына бизнес пен инвесторлардың сенімін нығайту болып табылады. Атап айтқанда, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Azala Cotton» ЖШС-і ...

Читать далее »

Тұрғын үй саласында толымды жұмыстар атқарылуда

Бүгін, 18 – қазан Түркістан облысына қарасты Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының халыққа арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Әкімшілік жұмысы департаменті директоры Ашимбаев Өмірсерік Устетайұлы арнайы келіп, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ...

Читать далее »

Қазығұрт ауданында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазығұрт ауданының 90 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, ондағы бірқатар әлеуметтік нысандардың ел игілігіне берілуіне куә болды.   Ең алдымен, өңір басшысы ауданның Қазығұрт ауылындағы «Болашақ» шағын ауданынан бой көтерген 16 пәтерлі 4 тұрғын үйдің кілтін пәтер қожайындарына табыстап, қуаныштарына ортақтасты. 20 аз қамтамасыз етілген отбасы мен жетім балаларға табысталған үйлерге болашақта, жалпы саны 64 ...

Читать далее »