Ежедневные архивы: 12.01.2019

Шымкентте «ақылды автотұрақтар» іске қосылмақ

Шымкент қаласында автотұрақтарды дамыту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Жақын арада Шымкентте ақылды автотұрақтар пайда болады. Зияткерлік жүйелер әзірше 20 учаскеде орнатылады деп жоспарлануда. Бұл кептеліс жасап тұрған заңсыз тұрақтар, көлік қозғалысын қиындататын базарлардың немесе басқа да объектілердің жанындағы нүктелер. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мамандарының айтуынша, автотұрақтарда әрбір көлікті қадағалап, келген көліктің нөмірін сол мезет суретке түсіріп, жүйеге жолдайтын арнайы инспекторлар ...

Читать далее »

Музейде «Ұлы даланың жеті қыры» көрмесі өтті

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК кітапханасында «Ұлы даланың жеті қыры» атты фото және кітап көрмесі өтті. Елбасы мақаласында көрсетілген 7 негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылған шараға музейдің баспа өнімдері мен тарихи кітаптар және фотосуреттер қойылып, мекеме қызметкерлері мен оқушыларға таныстырылды. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспеттес.«Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы ...

Читать далее »

Түркістандағы Мергентөбе обалар қорымына археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қызметкерлерінен құрылған археологиялық топтың жүргізген ғылыми жұмыстарының негізгі мақсаты — Түркістан өңірінің көне тарихынан кең мағлұмат беретін Мергентөбе обалар қорымындағы ескерткіштерді зерттеу, ескеркіштің орналасқан жерін анықтау, сызбаға түсіру, өмір сүрген этностардың діни нанымдары жайлы деректер жинау және өмір сүрген мерзімін анықтау болып табылады. Сонымен қатар, зерттеулерді іске асыру барысында Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі, соның ішінде Қаратау мен Сырдария ...

Читать далее »