Ежедневные архивы: 08.02.2020

ШЫМКЕНТ: «Otustik Startup-2020» үздіктері анықталды

  Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен «Ontustik Startup-2020» үздік жобалар конкурсы аяқталды. Байқауға 2 ай ішінде мектеп оқушыларынан 30-ға жуық жоба қабылданып, оның 10-ы финалдық турға жолдама алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үздік жобалар туризм, IT, Ғылым және техника, әлеуметтік жобалар, Агро-бизнес бағыттары бойынша ұсынылған. Әділ қазылар алқасының шешімімен Ендібаева Аружан мен Елшібай Алияның «Бие сүтінен балмұздақ жасау» жобасы ...

Читать далее »

Шымкент гүл жайнаған қалаға айналады

Шымкент қаласы биыл гүл жайнаған қалаға айналады. Шуақты өлкенің жасыл желегі бұрынғысынан да көркейіп, жайқала түспек. ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иемденген шаһар қонақтарды қала көркін келтіруші әсем гүлдермен қарсы алмақ. Көктем маусымында ең алғаш гүлдеп, қалаға ерекше көрік және сән беретін 1 миллион 300 мың қызғалдақ гүл егілді. Шымкенттің символы болып табылатын қызғалдақтың басым көпшілігі голландық сұрыптағы сары, қызыл, ...

Читать далее »

Азаматтарды ашық, әрі кедергісіз қабылдау офисі ашылды

Мемлекет басшысының халықпен тиімді кері байланыс орнату, Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару тапсырмасына орай, аудан әкімі аппаратының бірінші қабатынан Open Spase жобасы аясында азаматтарды ашық, әрі кедергісіз қабылдау офисі ашылды. Аталған офисте қабылдауға келген тұрғындарға және көпбалалы аналардың балаларына арнайы бұрыш қарастырылып, ыңғайлы жағдайлар жасалып отыр. Офистің басты қызметі аудан әкімі, орынбасарлары және аппарат басшысының күнделікті азаматтарға ...

Читать далее »