Ежедневные архивы: 04.04.2020

Экологиялық акциясы ұйымдастырылды

А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында «Байтерек» ағаш егу экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға, Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және басқармаға бағынысты «Жасыл белдеу» мен А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының 150 жуық қызметкерлері жұмылдырылды. Жалпы дендросаябақ аумағына 200 қылқан жапырақты және 800 түп жай жапырақты жас көшеттер отырғызылды. Аталған акция төңірегінде Шымкент қаласының қазынашылдық департаментің ...

Читать далее »

Басты қақпаға орналастырылды

  Шымкент қаласы әкімінің №11 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК-ң басты қақпасының маңдайшасындағы «DENDROSAIABAQ» латынша жазуы «А.Асқаров атындағы Дендросаябақ» кириллицага жазуына ауыстырылып, басты қақпаға орналастырылды. Сондай-ақ, бұл атау түнгі уақытта бірнеше түрлі-түсті жарықтармен ауысып қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударып, түнгі қаланың көркін ашып тұр.

Читать далее »

Тазалық жұмыстары жүргізілді

Бүгін Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Шымкент қаласындағы А.Асқаров атындағы дендросаябақтың А.Байтұрсынов көшесімен кіреберіс қақпасының алдында 100-ге жуық Калифорния терегін отырғызды. Сонымен қатар тазалық жұмыстары да жүргізілді. Табиғатты қорғауға көп жылдар бойы зор ықыласымен еңбегі сіңген азаматтар құрмет қошеметке ие болды. Расында табиғат жанашыларының еңбегі қандай мақтауыңызға да лайық. Соншама үлкен аумақта алып жатқан ауқымды дендросаябақты күтіп, баптап, тазалап ұстау да ...

Читать далее »

Өңдеу жұмыстары жүргізілді

Шымкенттегі дендросаябақ аумағында зиянкестермен зақымданған ағаш-бұталарға қарсы химикаттармен өңдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар кәсіпорынның ғылым бөлімі мамандарымен бірге орындалды. Дендросаябақ аумағындағы ғылыми аймақта орналасқан тұқымбақта бүгінгі күнге күтіп-баптау жұмыстары орындалуда. Аталған жұмыстар кәсіпорын жұмыскерлерінің күшімен жүргізілуде. Қаладағы жалғыз дендросаябақты күтіп ұстау қала әкімдігінің ұдайы басты назарында.

Читать далее »

Қаланың «өкпесі»…

«Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК-і бүгінде қыруар жұмыс атқаруда. Қаланың лас ауасын тазартатын «өкпесі» іспеттес дендросаябақта отырғызылған ағаштарды күтіп қана қоймай, жыл сайын тұқым жаңартып, түрлі селекциялық жұмыстар атқарылады. Оған кәсіпорын ғалымдарының қосып отырған үлесі қомақты. Дендросаябақта қала аумағында сирек кездесетін ағаш бұталардың тұқымдарының 60 түрі жиналып, тазартылуда және тазартылған тұқымдар арнайы қалташаларда сақталуда. Оларды будандастырып, жаңа тұқым шығару да ...

Читать далее »

Назардан тыс қалдырмайды

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы қаладағы ең үлкен аумақ саналады. Бүгінде аталмыш аудан аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңдары бар. Қазіргі таңда Республика, А.Жангельдин, Ш.Қалдаяқов, А.Молдағұлова, Қазыбек би, Ю. Рашидов көшелерінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын және кіреберістеріне дезинфекция жұмыстары сервистік кызмет көрсетуші мекемелер тарапынан жүргізілді. Алдағы уақытта аудан аумағындағы шағынаудандарда да ...

Читать далее »

Ең таза ауданның бірі

Шымкент қаласы Әл Фараби ауданы қаладағы ең таза аумақтардың бірі. Мұндағы барлық қалаішілік және ішкі орам жолдардың барлығы да таңертеңімен сыпырылып, тазалық жұмыстары жүргізіледі. Көпқабатты үй аулалары да назардан тыс қалмайды. Қоқыс тастаушыларға қарсы ұдайы түсіндіру жұмыстары да жүргізіледі.  «Қала тазалығы – баршамызға ортақ!» акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Іс-шара барысында аудандағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында құрылыс ...

Читать далее »

Тазалау жұмыстары толық аяқталды

Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданы аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үй аулаларындағы қатты соққан желдің салдарынан құлаған ағаштар мен бұтақтардан тазалау жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі таңда, қураған ағаштарды санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, шөп ору жұмыстарын жоспарға сәйкес, атқарылуда. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын табатын болады. Осылайша Ә Фараби ауданының коммуналшылары қала тазалығына үлес қосуда. Одан бөлек, коммуналшылар аудан ...

Читать далее »

Тарихтан сыр шертетін жәдігер

Шымкентте ашылған «Қазына» этно-тарихи кешенінде тарихтан сыр шертетін бірқатар нысандар бой түзеді. Оның бірі Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент. Биіктігі 15 метр болатын ескерткіш қазақ ою-өрнектерімен безендіріліп, айқасқан қос арканы бедерлейді. Монумент ортасына биіктігі 10 метрлік, ені 8 метрлік пирамида түріндегі композиция қойылған. Пирамиданың қырларына Қазақ хандығының барельефті композициясы және Тұңғыш Президенттің сөздері жазылған. Бұл жерде ұзындығы 50 метр, ...

Читать далее »

Ерекше еске түседі

Тарихы терең Шымкенттегі қала өркениетін көрер көзге ап-анық көрсететін сәулет ескерткіштері баршылық. Шымкенттегі көне сәулет ескерткіші дегенде, Ескі қаладағы «Жәми мешіті» ерекше еске түседі. Шымкент тарихын ғасырлар қойнауына сүңгітетін жәдігерлер – көне цитадель аймағы мен қала аумағындағы оба-қорғандар айналасынан табылған заттармен айғақталады. Бұлар – археологиялық ескерткіштер. Шымкенттің ең көне сәулет ескерткіші – Жәми мешіті дедік. Тұрғындар арасында «Ескі мешіт», «Қошқар ...

Читать далее »