Ежедневные архивы: 09.04.2020

Қырым қарағайы отырғызылды

2020 жылы 31 ақпан күні А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында «Байтерек» ағаш егу экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға, Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және басқармаға бағынысты «Жасыл белдеу» мен А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының 150 жуық қызметкерлері жұмылдырылды. Жалпы дендросаябақ аумағына 200 қылқан жапырақты және 800 түп жай жапырақты жас көшеттер отырғызылды. Аталған акция ...

Читать далее »

Жүйелі жалғасатын болады

Шымкент қаласында бүгінде тазалық мәселесі басты орында тұр. Коммуналшылар күн-түн демей еңбек етуде. Оның үстіне дезинфекциялау жұмысытары да қарқын алған. Зарарсыздандыру жұмыстарына 600-ге жуық адам атсалысуда. Бүгінге дейін қаладағы 4 ауданда залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасатын болады. Дезинфекциялау қала көшелерінде, көп қабатты үйлерде, аулалар мен жаяу жүргіншілер жолдарында, сондай-ақ, аялдамаларда, саябақтарда атқарылуда. Жалпы, залалсыздандыру жұмыстарына ...

Читать далее »

Шағынаудандар да назардан тыс қалған жоқ

Шымкентте жауған қардың салдарымен күрес жұмыстары әлі де жалғасуда. Қаладағы коммуналшылардың жұмысы қыза түскен. Қала орталығынан бөлек, шағынаудандарда да тазалық жұмыстары басты назарда тұр. Ұ. Арғынбеков көшесінің бойындағы тал-дарақтар қардан тазартылуда. Көше бойын тазалықшылар ауа райының қолайсыздығына қарамастан тазалап шықты.  9-шы  сәуірде қаланың бірқатар аумақтарында электр қуаты сөніп,  абоненттер  жүйеден ажыратылған еді. Әл Фараби аудандық электр тарату бөлімшесінің бригадасы Ж. ...

Читать далее »

Тазалық жұмыстары үзіліссіз жүргізіледі

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық тазалық жұмыстары мердігер мекемелер тарапынан атқарылуда. Аудан әкімшілігі қала тұрғындарына өтініш жасап отыр. «Қаламыздың тазалығына жауапкершілікпен қарауға және тазалық жұмысын жасап жүрген апа-ағаларымыздың еңбегін бағалауға шақырамыз. Тазалық-денсаулық кепілі!» деген әкімшілік қызметкерлері бұл тараптағы жұмыстардың үздіксіз жалғасатынын айтып отыр. Шымкентте сәуірде жауған қарды көтере алмай құлаған ағаштарды жинап, көше мен аулаларда қалпына келтіру жұмыстары ...

Читать далее »

Аулаларды тазалау жұмыстары жалғасуда

Көктемнің ортасында түнімен жауған қар қаладағы коммуналдық қызметтің жұмысына салмақ салды. Сынған бұтақтар, құлаған ағаштардан көшеден бөлек аулаларды тазалау жұмыстары жалғасуда. Шымкент қаласында «ЛТД Тұрмыс»   мекемесінің 480  қызметкері, 260 дана техника жұмылдырылды. Сынған бұтақтар, құлаған ағаштардан көшеден бөлек аулаларды тазалау жұмыстары жалғасуда.

Читать далее »

Қоғамдық орындар басты назарда

Шымкент қаласына қарасты Еңбекші ауданында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Елімізде енгізілген Төтенше жағдайға байланысты, Еңбекші ауданында дезинфекциялау шаралары қарқын алды. Залалсыздандыру жұмыстарына 35748 бөлімінің 120 сарбазы жұмылдырылды. Олар аудан аумағындағы сауда нүктелерінің аумағы сен көшелер, аялдамалар мен саябақтартар сынды қоғамдық орындарды дәрілеуде. Әсіресе қоғамдық көпшілік орындарға баса назар аударылуда. Азаматтарға аталған аумақтарда тазалық шараларын сақтау түсіндірілуде. Дезинфекциялау жұмыстарына 12 арнайы ...

Читать далее »

Алда атқарылатын жұмыстар қаралмақ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов аудан әкімдері және басқарма басшыларымен қашықтықтан мәжіліс өткізді. Жиында карантиндік режимнің сақталуы, қаладағы тазалық және жұмыспен қамту жайы қаралып, шаһар аумағындағы ірі 4 көтерме базар мен блок бекеттердегі сақтық шараларын күшейту жайы талқыланды. Аудандарда жүріп жатқан залалсыздандыру және мобильді топтардың атқарған жұмыстары сараланып, жауаптыларға түсіндіру жұмыстарын ширату жүктелді. Бүгінде Шымкентте 300 мыңнан астам азамат мемлекет ...

Читать далее »

Саябақтағы көшеттерді қардан тазарту жұмыстары атқарылды

«Саябақтары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері кешегі жауған қарға байланысты, Төлеби көшесі бойындағы арша ағаштары мен ағаштарды, саябақтар мен скверлер, аллеялардағы арша ағаштарын қардан тазарту жұмыстарын атқарды.  Көше тазалығы да назардан тыс қалған жоқ. Сонымен қатар, шатқалдағы жаңадан салынып жатқан саябақтағы егілген көшеттерді қардан тазарту жұмыстары атқарылды.

Читать далее »

Қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде

Сәуірде қардың қатты жауғанына байланысты коммуналшылардың жұмысы қауырт. Шымкент қаласында ағаштың құлауының 24 оқиғасы тіркелді,  зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ, ал 06: 30-дан бастап қаланың 4 ауданында электр жарығы сөнген. Шамамен 8 мың абонент жарықсыз қалған. Төтенше жағдайлар қызметі қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде,коммуналшылар құлаған ағаштардың көшелер мен жолдарды тазартуда. Шымкент қаласында жауын-шашын туралы алдын ала ескерту жарияланған. Шымкент қаласы ...

Читать далее »

КӘСІПКЕРЛЕР ХАЛЫҚҚА “ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ” СЫЙЛАДЫ

Елімізге танымал кәсіпкерлер – Тимур Құлыбаев және Қайрат Боранбаев Алматының медициналық мекемелеріне Жоғары дәрежелі мамандалған жедел жәрдем қызметін көрсететін мобильді орталықтарын тапсырды. Алматы қаласының әкімдігінің сұранысы бойынша Қазақстанда коронавирустық COVID-19 індетімен күресті қаржылай қолдау үшін ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев пен бизнесмен Қайрат Боранбаев Алматының медициналық мекемелеріне толықтай заманауи медициналық жабдықтармен жасақталған “Ford Tranzit” үздік жедел ...

Читать далее »