Ежедневные архивы: 23.05.2020

Оң шешімін тапты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын. — Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында communal-komek.kz сайты іске қосылған. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап бүгінгі таңға дейін 30 279 ...

Читать далее »

Шымкент: Сауда орындарын дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда

Шымкент қаласындағы әр аудан басшылығы коронавирус инфекциясының таралу жолдарын тежеу мақсатында ірі сауда орындарын дезинфекциялау жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуде. Бүгін бұл жұмыстардың жалғасы ретінде Еңбекші ауданында орналасқан «Айна» базары залалсыздандырылды. Осы ретте сатушыларға санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек екені түсіндірілді. Айта кетейік, аталған санитарлық жұмыстар Шымкент қаласы бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 мамырдағы №17 қаулысына сәйкес жүргізілді.

Читать далее »

Шымкент көшелерінде тазалық жұмыстары жүргізілуде

Үшінші мегаполисте сала мамандары тазалық жұмыстарын жүйелі жалғастыруда. Аудан әкімдіктері тарапынан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы ағаштарды санитарлық қырқу, кіреберіс алаңдарының маңайындағы жасыл желектерді ретке келтіру, ағаштардың түбін әктеу және шөп ору жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал қаланың біраз көшелерінде «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-і қызметкерлері жаппай тазалық жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте арықтардың бойы қоқыстан тазартылып, шөптері орылды. Атап айтсақ, Қошқар Ата өзені, «Жаңа ...

Читать далее »

Шымкент: 3793 азамат тұрақты жұмысқа орналасқан

Қалалық жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша үстіміздегі жылдың мамыр айына дейін тұрақты жұмыспен 3793 тұрғын қамтылған. Сондай-ақ, жастар практикасы бойынша уақытша жұмысқа 886 жас, қоғамдық жұмыстар бойынша 1339, әлеуметтік жұмыстарға 50 азамат орналасқан. Ал, жұмыспен қамтудың жол картасымен 834 адам, басқа да жаңа жұмыс орындарымен 80 адам жұмылдырылған.

Читать далее »

Әлеуметтік дамудың жарқын көрінісі

Шымкент қаласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі қаралды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы қала әкімі М.Әйтеновке денсаулық сақтау басқармасының орынбасары А.Бекбауова баяндады, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта Шымкент қаласындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне бекітілген халықтың саны 900 мыңнан асады. Яғни, жалпы тұрғындардың 87 ...

Читать далее »

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ ӘРБІР МЕКЕМЕНІҢ МІНДЕТІ

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше қажеттілігі бар адамдарға тең мүмкіндіктер жасау  туралы тапсырмасының орындалуы бойынша қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен бейне байланыс арқылы мәжіліс өтті. Мүгедектерге қолайлы орта құру мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар жайын баяндаған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауов осы жылы қалада 37014 мүгедек азаматтар есепте тіркелгенін айтып өтті. Оның айтуынша, ...

Читать далее »