Ежедневные архивы: 05.01.2023

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ ШУАҚТЫ КҮННІҢ ҚАДІРІН ҰҒЫНДЫРДЫ

Тәуелсіздігіміздің, мемлекеттігіміздің тұғырын шайқалтпақ болған қайғылы оқиғадан бері бір жыл уақыт өтті. Қаңтар оқиғасы шуақты күннің қадірін ұғындырды. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қанымен, жанымен қорғалып келген қасиетті жеріміз – Қазақстанымыз арам пиғылдылар мен қарақшылардың талан-таражына түсе жаздады. Шеруге қатысушылар арасында арандатушылық жасағандар болды. Адамдар арасында араздық тудырып, ел ішіне іріткі салды. Алайда, ұлт тағдыры, ұрпақ болашағы талқыға түскен тарихи сәтте бейбіт ...

Читать далее »

ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУ — ҮЛКЕН МӘРТЕБЕ

Былтыр қаңтарда көгілдір отынның қымбаттауына қарсы шыққан маңғыстаулықтардың бейбіт шеруі мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалған деструктивті күштердің қолына түсті. Арандатушылардың бұл әрекеті елдің жеті аймағындағы тәртіпсіздіктерге ұласып, қарапайым тұрғындар да қатысып кетті. Бұзақы топтар мен кәсіби арандатушылар ұйымдастырған бейберекеттіктің салдарынан әкімшілік ғимараттар мен 2000-ға жуық ШОБ зардап шекті. Тонау мен қиратулардың салдарынан жалпы сомасы 100 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. 5000 ...

Читать далее »

ХАЛЫҚ ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ АШЫҚ ТЫҢДАУДАН КӨП САУАЛҒА ЖАУАП АЛДЫ

Туған Отанымыз — Қазақстанның Тәуелсіздігі мен Егемендігіне үлкен сынақ болған өткен жылдың қаңтар айында орын алған қасіретті оқиғалардың тарих қойнауына енгеніне бір жыл болып отыр. Шындығында, ол оқиғалардың зары мен зардабы еліміз үшін оңай соққан жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «…халықтан жасыратын ештеңе болмауы тиіс, қоғам шындыққа көз жеткізуі керек» деген болатын. Халқымыз да, қоғам да қаңтардағы қасірет туралы жан-жақты ...

Читать далее »

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ БОЙЫНША 315 АДАМҒА ҚАТЫСТЫ 127 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТЕРГЕЛІП ЖАТЫР

Былтырғы қаңтар оқиғасы бойынша 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті. «Қазір 315 адамға қатысты 127 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Олар бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Тергеу нәтижесін міндетті түрде қоғамның назарына жеткізетін боламыз», — деді Б. Асылов. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қаңтар оқиғасынан кейін рақымшылық 1 095 ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖАРИЯЛАҒАН РАҚЫМШЫЛЫҚ ШАРАСЫМЕН 1095 АДАМ БОСАТЫЛДЫ

Қаңтар оқиғасынан кейін рақымшылық 1 095 адамға қатысты қолданылды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті. «Жалпы, «қаңтар оқиғасы» бойынша соттар 1 221 адамға қатысты істі қарады, соның арасында 1 205 адам сотталды. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы өз Жолдауында рақымшылық жасау туралы атап өтті. Осы орайда «Рақымшылық жасау туралы» заң қабылданды. Заң аясында арандатушылардың ...

Читать далее »

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ: БҰРЫНҒЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ МҰРАТ БЕКТАНОВ ЗАҢСЫЗ БҰЙРЫҚ БЕРГЕН

Әскери сотта Қорғаныс экс-министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдау жүріп жатыр. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов мәлім етті. «Одан бөлек, әскери сотта Қорғаныс экс-министрі Бектановтың ісі бойынша тыңдау жалғасуда. Тергеуге сәйкес, ол төтенше жағдай кезеңінде заңсыз бұйрық берген және стратегиялық нысандарды әскерилердің күзетінсіз қалдырған. Бұрынғы Қорғаныс министрі елімізде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдамаған», — ...

Читать далее »