Ежедневные архивы: 05.06.2023

ТҮРКИЯ ҮШІН ТУРИЗМНІҢ ОРНЫ БӨЛЕК

Туризм саласын дамытуда Түркия әлем бойынша жетекші орында. Ел экономикасынан түсетін басты кірістердің бірі туризм саласына тиесілі. Бұл туралы Алматыда қазақ журналистермен кездескен Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы кеңесшісі Алпарслан Акынджы мырза мәлімдеді: “2022 жылғы деректерге сәйкес, былтыр Түркияға келген туристер саны 51,4 миллионнан асты. Бұл індет басталмай тұрғанда (2019 жылы) рекорд болған 51,8 миллионның ...

Читать далее »

Анталияның Финике ауданы Cittaslow тізімінде

Анталияның тарихи ауданы Финике табиғи сұлулығымен, дәмі тіл үйіретін тағамдарымен және тіршілік ағысының баяулығымен Халықаралық Gittaslow қауымдастығының назарына ілікті. Аталған ұйымның мәлімдеуінше, Түркияда адамдар асықпай өмір сүретін 22 баяу қала мен аудан бар. Үш жылдан астам талпыныс пен кеңестің нәтижесінде Анталияның сүйікті қалаларының бірі Финике қоршаған орта, инфрақұрылым, қалалық өмір сапасы, әлеуметтік келісім және қонақжайлылық критерийлеріне сай болғандықтан, «баяу қала» ...

Читать далее »

Стамбұл: Шығыс және батыс мәдениеті үйлесім тапқан шаһар

Жұмыс барысында Стамбұл қаласына жол түсті. Жүз естігенше, бір көрген артық деген. Бұл саяхаттың негізгі мақсаты – әсем шаһардың көрікті жерлерін аралап, тарихына қанығу. Алғашқы барған нысан – Сұлтанахмет немесе Көкмешіт. Бүгінде Түркияның символына айналған, әлемнің сәулет өнеріндегі ұлы туындылардың бірі – бұл мешіт ЮНЕСКО-ның мұралар қорына енгізілген. Көк мешіт 1616 жылы Византия королі өмір сүрген қамалдың орнына салынған, құрылысы жеті жыл бойы жүргізілген екен. Әшекейлеген тасының ...

Читать далее »

Стамбұлда әлемдік денсаулық сақтау қауымдастығы бас қосады

Халықаралық конгресс және конференция қауымдастығы (ICCA) және Қауымдастық және конференция форумы (AC) бірлесіп ұйымдастырған «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына 2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда өтеді. 2023 жылдың 6-8 маусымы аралығында Стамбұлда «Денсаулық сақтау саласы кеңестерінің болашағы» тақырыбына басқосу өтеді. Халықаралық конгресстер мен конференциялар қауымдастығы (ICCA) және қауымдастықтар мен конференциялар форумымен (AC) бірлесіп ұйымдастырылатын екі күндік бағдарлама ICCA және ...

Читать далее »

Қазақстан СІМ Ресми өкілі А.С. Смадияров арнайы брифинг өткізді

Мазмұны: Алдағы Астана халықаралық форумы туралы; Босния мен Герцеговина Президиумы Төрағасының алдағы сапары туралы; АҚШ сауда миссиясының Қазақстанға алдағы сапары туралы; Алғашқы қазақстандық-француз декарбонизация күні туралы; Халықаралық ұйымдар өкілдерінің сапарлары туралы    Алдағы Астана халықаралық форумы туралы 2023 жылғы 8-9 маусымда Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған Астана халықаралық форумы өтеді. «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс ...

Читать далее »

Қазақстан БРИКС+ форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Оңтүстік Африканың Кейптаун қаласында өткен БРИКС+ форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты. Жоғарыда аталған іс-шараға БРИКС-ке мүше мемлекеттер (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Африка) және арнайы шақырылған елдер – «БРИКС достары» (Қазақстан, Аргентина, Бангладеш, Бурунди, Габон, КДР, Мысыр, Иран, Индонезия, Комор аралдары, БАӘ, Сауд Арабиясы, Уругвай) қатысты. Қазақстан осы форумға АӨСШК-нің ...

Читать далее »

Болгария Қазақстанның мәдениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалайды

Мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайту және профилді ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды тереңдету перспективаларын талқылау мақсатында Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгарияның Мәдениет министрі Найден Тодоровпен кездесу өткізді. Мазмұнды әңгіме барысында қазақстандық дипломат болгар әріптесіне халықтарымыздың терең тарихи және мәдени байланыстары, елдер арасындағы достықтың көпірі болып табылатын өзара мәдени орталықтар және Қазақстанда мәдениет пен өнер саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар туралы ...

Читать далее »

«Masdar» компаниясы Жамбыл облысында жел электр станцияларын салады

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Менилбеков «Masdar» Бас атқарушы директоры Мұхаммед әл-Рамахимен кездесті, онда келіссөздер барысында тараптар компанияның Жамбыл облысында жел электр станцияларын салу жоспарын растады. Әңгімелесу қорытындысы бойынша тараптар ү. ж. 8-9 маусымында өтетін Астана халықаралық форумы барысында «Masdar» Қазақстанның мемлекеттік органдарымен жобаны жүзеге асыру бойынша жол картасына қол қояды деп уағдаластыққа қол жеткізілді. Анықтама: 2006 жылы құрылған «Masdar» ...

Читать далее »

АҚШ-тың Cауда миссиясы Қазақстанға ресми сапармен келді

АҚШ Сауда палатасы, Сауда министрлігі және Қазақстанның АҚШ-тағы Елшілігі ұйымдастырған сертификатталған америкалық сауда миссиясының Қазақстанға бірінші сапары өтіп, оған 20-дан астам америкалық ірі компаниялары, оның ішінде ExxonMobil, Boeing, GE, Baker Hughes, Citibank, Google, Microsoft, Apple және т.б. қатысты. Бағдарлама аясында бизнес-делегация Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстел, ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы, АХҚО ұйымдастырған Астана халықаралық форумына және Astana Finance ...

Читать далее »