Бірінші сессиядағы алғашқы бюро отырысы

Кеше Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жетекшілігімен палатаның осы сессиядағы алғашқы бюро отырысы өтті.

Онда Мәжілістегі саяси пар­тия­лардың, атап айтатын болсақ, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партия­сы­ның, Қазақстан Коммунистік халық партиясының фракциялары ресми тір­кеуге алынды. Сонымен қатар, бюрода Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары Гүлмира Исімбаева мен Владимир Божко арасында өзара міндеттерді бөлу мәселелері де назардан тыс қал­мады.

Сондай-ақ, палата бюросының қау­лысымен осыған дейін Аппарат басшы­сының орынбасары қызметін абыроймен атқарған Жаслан Жүгінісов Парламент Мәжілісі Аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

282 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*