Батыс БАҚ-тары Пальмираны алуды зор жеңіс деп атады

АСТАНА. 28 наурыз. Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары Сириядағы көне Пальмира қаласының «Ислам мемлекеті» содырларының қолдарынан қайтарылуы Мәскеу мен Асадтың айтарлый ірі жеңісі екенін мойындап отыр. Бұл туралы The Washington Post газетінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады.

Пальмира қаласының ИМ терроршыларынан азат етілуі іске Ресей араласқаннан кейін Сириядағы жағдайдың қаншалықты өзгергенін көрсетіп берді, деп жазады басылым.

Пальмираның азат етілуі Сирия билігі үшін аса маңызды стратегиялық роль атқарады, деп атап өтті газет. Ол ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы қатарына жататын көне шаһардың алынуы елдің президенті Башар Асадтың айтарлықтай жеңісі екеніне тоқталған. Мақалада бұл жеңістің «содырларға ауыр соққылар беріп, Асадтың позициясын нығайтқан» Ресейдің де жеңісі екенін айтылады.

«Бұл шайқас Ресей іске араласқаннан кейін Асадтың жағдайы қалай өзгергенін кезекті рет көрсетіп берді», деп қайталайды осы ойды  WP The New York Times.

Мұндай позицияны The Guardian газеті ұстанып отыр. Британиялық басылым шолушылары бұл ретте Пальмираның азат етілуі Дамаскіде де, Мәскеуде де «жауынгерлік рухты айтарлықтай көтере түсетінін» атап өтеді.

«Асад үшін Пальмираның алынуының символдық та, стратегиялық та мәні бар. Оның әскерлері енді ИМ астанасы – Раккаға шабуыл жасаудың қолайлы позициясына шықты», деп жазады немістің Die Zeit газеті.

Сарапшылардың пікірінше, Пальмирадағы жеңіліс «Ислам мемлекетінің» содырларына «Сирияның ұшы-қиырсыз шөл даласына егелік етуді» жоғалтуына алып барады.

Талғат Райымбек.

2 612 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*