ВТБ банкінің жаңа төрағасы тағайындалды

АЛМАТЫ. 16 наурыз. ВТБ (Қазақстан) банкінің директорлар кеңесінің шешімімен 2016 жылғы 15 наурыздан бастап ВТБ (Қазақстан) банкінің жаңа төрағасы болып Михаил Эдуардович Осеевский тағайындалды. Бұл туралы ВТБ банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

Михаил Осеевский мемлекеттік және қаржылық басқару саласындағы көпжылдық кәсіби тәжірибеге ие, ВТБ тобының құрылымында 4 жылдан бері жұмыс істеп келген.

«Бүгінгі күні ВТБ сәтті даму үстіндегі халықаралық қаржы тобы, әлемнің 23 елінде өз өкілдіктері бар. Олардың бірі Банк ВТБ (Қазақстан) болып табылады, ол топтың ірі еншілес ұйымы. Біз Қазақстан Республикасындағы топты дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын жүзеге асыра отырып, бұл елде бизнесті нығайтуды және кеңейтуді көздейміз», – дейді Михаил Осеевский.

Михаил Осеевскийдің тағайындалуы жайында айта келе Банк ВТБ (Қазақстан) басқарма төрағасы Дмитрий Забелло Қазақстандағы ВТБ еншілес банкінің бизнесті дамыту бойынша маңызды жоспарлары жүктелген топтың стратегиялық маңызды құрылымына айналғанын атап өтті.

Айнаш Есали.

2 705 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*