Головкин мен Амир Хан жекпе-жекке шығуы мүмкін

ҚАРАҒАНДЫ. 28 наурыз. Британ боксшысы Амир Хан (31-3, 19 КО) егер де Сауль «Канело» Альваресті (46-1-1, 32 КО) жеңіп, оның чемпиондық атағын иеленер болса, WBC белбеуін қорғау үшін Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) жекпе-жекке шығуы мүмкін. Бұл туралы boxingnews24.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

«Головкинмен жекпе-жек туралы айту әзірге қиындау. «Канелоны» жеңгеннен кейін бұл турасында өзімнің командаммен ақылдасып, әрі қарай не істейтінімізді талқылаймыз. Мен әлі 155 фунтта  жекпе-жекке түскен емеспін», – деді Амир Хан.

Айта кетейік, 7 мамырда Амир Хан АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Альвареспен жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесудің жеңімпазы 23 сәуірде Доминик Уордпен айқасқа түсетін Головкинмен міндетті түрде күш сынасатын болады.

Қайрат Әбілдинов.

Дерек: boxingnews24.com.

2 810 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*