Қарағанды облысында спорттық балық аулаудан жарыс өтті

ҚАРАҒАНДЫ. 15 наурыз. «Қарағанды облыстық спорттық балық аулау федерациясы» қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша, облыста 2016 жылдың балық аулау маусымы ашылды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

Осыған байланысты Теміртаудың жанындағы Самарқан су қоймасында спорттық балық аулаудан Қарағанды қаласының кубогы үшін турнир өтті. Бұқар жырау ауданынан келген Александр Малышкин «Ең ірі балық» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, қола жүлдеге ие болса, күміс медаль Александр Миллерге бұйырды. Ал Қарағанды қаласы кубогының бас жүлдесін Александр Башилов жеңіп алды. Жеңімпаз бен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қайрат Әбілдинов.

2 657 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*