Оңтүстікте инновациялық технология мәселесі қаралды

ШЫМКЕНТ. 28 наурыз. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов бастаған жоғары оқу орны ғалымдарының қатысуымен семинар-жиын өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.

Екі жаққа да пайдалы кездесуде ғалымдар қатысушыларды суармалы жерлерге инновациялық технологияларды ендіру, ірі қара малдың тұқымын сақтап қалу, қарқынды бауларда алма өсірудің соны технологиясын ендіру және өзге де бағыттар аясында ғылыми жұмыстарымен таныстырды.

Семинар-жиын соңында әкімдік пен аталған жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.

Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов жаңа технологияларды пайдаланбай ауылшаруашылығының кенжелей беретіндігін, сондықтан Оңтүстікте ірі ғылыми-зерттеу орталығы құрылатындығын сан мәрте айтқан болатын. Білікті ғалымдардың бұл сапары сол ойдың қарлығашындай сезіледі.

Бақтияр Тайжан.

2 737 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*