Мұсылмандар ізіне түсу террорға тосқауыл бола алмайды – Newsweek

АСТАНА. 29 наурыз. Соңғы уақыттары Нью-Йоркте мұсылмандарды аңдып, соңдарына тыңшы салып қоюды қайта қалпына келтіру турасында тағы әңгіме қозғалып жатыр. Бұл туралы Planet Today дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.

АҚШ президенттігіне үміткер Тед Круздың айтуынша, осы «табысты» бағдарлама саяси соқырлықтан тоқтап қалған, соның салдарынан қазір Нью-Йорктің кез келген жері терроршылар үшін таптырмайтын қолайлы мекен болып тұр.

«Мәселе мынада, — деп атап көрсетеді осы орайда Newsweek, — тіпті саяси соқырлықтан бас тартқан күннің өзінде бұл бағдарлама әу басынан сәтсіз бір қадам еді. Оның бар мақсаты 11 қыркүйектен кейін мұсылмандарды полицияның бақылауында ұстау болды. Осы арқылы олардың қалай шабуыл дайындап жатқандарын назарда ұсталмақ болды».

Полиция осы мақсатқа жету үшін күндіз-түні мешіттерде кезекшілік құрды, мұсылмандар тұратын ғимараттарға бақылау камералары орнатылды, олардың сөйлеген сөздері жазылып алынып жатты. Ал бағдарламаның қорытынды нәтижесі нәтижесіз болып шықты. Осы тексеріс бойынша ешкімге айып тағылған жоқ, ешкім қамалған жоқ, тіпті оларды терроршыларға алып баратын бірде-бір түйткіл табылмады».

Әлбетте, бұл уақытта Нью-Йоркке қауіп төндіретін ешқандай оқиға болмады деп те айта алмаймыз, деп жазады басылым бұдан әрі. Алайда, мұсылмандарды ұдайы бақылап, олардың соңдарына түсіп отырудың ешқандай нәтиже бермегені тағы анық.

Сондықтан 2011 жылы қолға алынған бағдарламаны 2014 жылы тоқтатуға тура келді. Ол қыруар ақшаны желге шашып жібергенмен бірдей болып шықты. Енді сол бағдарламаның арқасында Нью-Йорк тұрғындарының қауіп-қатерсіз тұрғандарын айғақтайтын нақты дерек те жоқ.

Талғат Райымбек.

4 640 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*