Авторские архивы: admin

Қандағы қанттың құрамы енді тез анықталатын болды

Ғалымдар ойлап тапқан құ­рылғы қандағы қант құра­мының деңгейін оңай, әрі әп-сәтте анықтай алады. Сондай-ақ, инновациялық жоба дене­дегі сұйықтықты басқаруға да мол мүм­кіндік береді. Оқы­мыс­ты­лардың айтуынша, атал­ған те­тік­тің жақсы жұмыс істеуі үшін науқас жіпсіп, тер­леуі керек. – Бұл құрылғыны жасап шы­ғаруда біз сан түрлі тәжірибе жүргіздік. Соның нәтижесінде қант диабетімен ауыратын нау­қастың қан құрамы құрылғы ар­қылы бақыланады, – деді оңтүс­тіккореялық ғалымдар. ...

Читать далее »

Ыдыс жуғыш сұйық

Мектеп оқушысы осындай зат ойлап тапты Атыраудағы Назарбаев зияткерлік метебінде оқитын 10-сынып оқушысы Кемелхан Қалиолла ыдыс жуғыш сұйық зат ойлап тапты. Ол мұны кәдуілгі қарбыз суының құрамындағы белсенді натрий тұздарының эфир майларын ыдырата алатынын анықтау арқылы шешіпті. Дегенмен, жоба әлі де тереңдетіле зерттеліп жатыр. Шалымды шәкірт қарбыз суының қасиетін зерттеуді былтыр бастаған екен. Содан бері ол ғылыми жетекшісімен бірге уақытының ...

Читать далее »

Алғашқы қызғалдақ

Оңтүстік өңірінде қауыз ашты Оңтүстік Қазақстанда Қызыл кітапқа енген қырдың қызыл қызғалдағы гүлдеді. Әдетте, бұл гүлдер сәуір айында қауыз жарып, көздің жауын алатындай болып жайқалатын. Биыл оңтүстік өңірде көк­тем ерте шықты. Өсімдіктер де ерте оянып, мерзімінен бұрын гүлдей бастады. Осының бір дәлелі қырдың алқызыл қыз­ғалдағы қауыз жарып, даланы гүлге бөледі. Статистикалық мәлімет­терге сүйенсек, әлемде қыз­ғал­дақтың 83 түрі ерекше қорғалатын өсімдіктер ...

Читать далее »

Головкин мен Амир Хан жекпе-жекке шығуы мүмкін

ҚАРАҒАНДЫ. 28 наурыз. Британ боксшысы Амир Хан (31-3, 19 КО) егер де Сауль «Канело» Альваресті (46-1-1, 32 КО) жеңіп, оның чемпиондық атағын иеленер болса, WBC белбеуін қорғау үшін Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) жекпе-жекке шығуы мүмкін. Бұл туралы boxingnews24.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Головкинмен жекпе-жек туралы айту әзірге қиындау. «Канелоны» жеңгеннен кейін бұл турасында өзімнің командаммен ақылдасып, әрі ...

Читать далее »

Қарағанды облысында спорттық балық аулаудан жарыс өтті

ҚАРАҒАНДЫ. 15 наурыз. «Қарағанды облыстық спорттық балық аулау федерациясы» қоғамдық бірлестігінің бастамасы бойынша, облыста 2016 жылдың балық аулау маусымы ашылды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Осыған байланысты Теміртаудың жанындағы Самарқан су қоймасында спорттық балық аулаудан Қарағанды қаласының кубогы үшін турнир өтті. Бұқар жырау ауданынан келген Александр Малышкин «Ең ірі балық» номинациясы ...

Читать далее »

Құрама маусымды жеңіспен бастады

Футболдан Қазақстан құрамасы 26 наурыз күні Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ұлттық құраманың биылғы бірінші ресми ойыны болған бұл матч Түркияның Анталья қаласында өтті. Ойынды біздің жігіттер өте ширақ бастады. Бірден допқа иелік етіп, алға ұмтылған қазақ­стандықтар бар болғаны 8-минутта есеп ашып үлгерді. Атап айтқанда, Серік­жан Мұжықов пен Бауыржан Ислам­ханның ұйым­дастырған шабуылына Мақсат Байжанов нәтижелі нүкте қойып, ...

Читать далее »

Талассыз таза ұтыс

«Астана арландары» кәсіпқой бокс клубы Бүкіләлемдік бокс сериясының алтыншы маусымдағы кезекті жекпе-жегін Петропавл қаласында өткізіп, мұхит асып келген «Puerto-Rico Hurricanes» командасымен қолғап түйістірді. Бокс десе, ішкен асын жерге қоя­тын солтүстікқазақстандық жан­күйер­лердің бұл күнді тағат­сыз­дана күткені соншалық, «Же­ңіс» спорт мектебінің атшап­тырым залында тізе бүгер орын табыл­мағандықтан, былғары қолғап шебер­лерінің шаршы алаңдағы жан алысып, жан беріскен айқасын түрегеп тұрып тамашалағандарда есеп болмады. ...

Читать далее »

«Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасында ойнамайтын болды

ҚАРАҒАНДЫ. 29 наурыз. Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы келесі маусымда Ресейдің Жоғары хоккей лигасында өнер көрсетпейтін болды. Бұл туралы sportfakt.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Сарыарқа» клубы басшылығының шешімі бойынша команда келесі маусымнан бастап премьер-лигада ойнайды. Қазақстандық ұжым Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін «Авангард» (Омбы) командасының фарм-клубы. Айта кетейік, «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасындағы азулы клубтардың бірі. Команда 2014 жылы турнирдің ...

Читать далее »

Мұсылмандар ізіне түсу террорға тосқауыл бола алмайды – Newsweek

АСТАНА. 29 наурыз. Соңғы уақыттары Нью-Йоркте мұсылмандарды аңдып, соңдарына тыңшы салып қоюды қайта қалпына келтіру турасында тағы әңгіме қозғалып жатыр. Бұл туралы Planet Today дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. АҚШ президенттігіне үміткер Тед Круздың айтуынша, осы «табысты» бағдарлама саяси соқырлықтан тоқтап қалған, соның салдарынан қазір Нью-Йорктің кез келген жері терроршылар үшін таптырмайтын қолайлы мекен болып тұр. «Мәселе мынада, — ...

Читать далее »

Оңтүстікте инновациялық технология мәселесі қаралды

ШЫМКЕНТ. 28 наурыз. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов бастаған жоғары оқу орны ғалымдарының қатысуымен семинар-жиын өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Екі жаққа да пайдалы кездесуде ғалымдар қатысушыларды суармалы жерлерге инновациялық технологияларды ендіру, ірі қара малдың тұқымын сақтап қалу, қарқынды бауларда алма өсірудің соны технологиясын ендіру және өзге де бағыттар аясында ғылыми жұмыстарымен таныстырды. ...

Читать далее »