Жарияланды: 27.03.2023

АГРОСАЛАДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы ауданға арнайы іс-сапармен келіп, аудан әкімі Төлеген Тұртайұлымен бірге ауылшаруашылығы саласындағы шаруалардың жай-күйімен танысып, жүзеге асып жатқан жобалармен танысты.
Ең бірінші Кемеқалған ауылдық округі «Қазығұрт бақтары» өндірістік кооперативінде болып, 140 га жерге егілген қарқынды алма бауына көңіл бөліп, отырғызылған көшеттер жергілікті ауа-райына тез бейімделіп, жылдам тамыр жайғандығының күәсі болды.
Кәсіпкер Әсет Қайыпбековпен әңгімелесіп, оның алма өнімдерінен табиғи шырын дайындайтын цехты іске қосуды жоспарлағанын, қазіргі кезде жемістерді сақтайтын қойма салу ісіне кіріскенін біліп, қойма құрылысымен танысты.
Ермек Кенжеханұлы аудан аумағына тартылған ірі инвестициялық жобалардың бірі — Зертас ауылдық округіндегі «АйМар құс» ЖШС-нің құс фермасының құрылысымен танысты. Жоба іске асқан жағдайда 72 млн. дана жұмыртқа шығарылып, жергілікті 75 адамды тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Алғашқыда 220 мың баспен бастап арықарай 660 мың басқа көбейтуді көздеген инвестициялық жоба аудандағы құс шаруашылығын ілгерілетуге септігін тигізбек.
Сондай-ақ, Көксәйек ауылдық округі «ADS Agro» ЖШС мал бордақылау алаңымен танысты. Ондағы асыл тұқымды жылқы еттері қазіргі таңда еліміздегі ірі компанияларға жеткізіліп, сатылуда. Алдағы уақытта шетелге экспортқа шығару көзделуде.
Ермек Кенжеханұлы аудандағы іс-сапар аясында жергілікті халықпен жүздесіп, “Ауыл аманаты” жобасын іске асыру бойынша халықтың талап-арызын тыңдап, 2,5 пайыздық несие алу арқылы ісін ілгерілеткісі келетін шаруаларға бағдарламаның артықшылығымен мүмкіншілігін таныстырды.
746 қаралым