Жарияланды: 25.08.2018

Жас кәсіпкер

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданынан  шыққан жас кәсіпкер Ұлан Сапарбекұлы өз кәсібін 2011 жылдан бері Шаян ауылында «Автокөліктерге қызмет көрсету» орталығын ашып, аудан халқына лайықты еңбек етуде, деп хабарлайды «Алғабас» газеті. Бұл кәсіпті Шымкент қаласында көлік жөндеу орталығында жүріп қыр-сырын меңгеріп, туған жеріне келіп осы істі қолға алып, кез келген автокөліктің майын ауыстыруға жағдай жасап және өз білімін көмекшілеріне үйретіп, халыққа қызмет көрсетуде. Осы орайда Шымкент қаласы Қазақстанның педагогикалықакадемиясының президенті Ж.Төлебай «І Дәрежелі білікті басшы» атағы төсбелгісі мен бірге Қазақстанның педагогикалық академиясы кәсіпкерлік және менеджментті сараптау бөлімі атынан кәсіпкерлік саладағы жетістігі, басқарудағы біліктілігі мен жоғары ұйымдастырушылық қабілеті үшін «І Дәрежелі білікті басшы» атағы жас кәсіпкер Ұлан Сапарбекұлына беріліп, аудандық көсіпкерлер бөлімінің басшысы Мейіржан Берікұлы жас кәсіпкерді сертификатпен марапаттады. Осындай жас кәсіпкерлер аудан экономикасының өрлеуіне сүбелі үлестерін қосып келеді. Алдағы уақытта жас кәсіпкердің ізбасарлары артары сөзсіз.

 

1 688 қаралым