Жарияланды: 29.09.2018

Жекешелік әріптестік аясында 30 медициналық бекет салынады

Түркістанда облыстық мәслихаттың кезекті 30-сессиясы өтті. Онда 14мәселе қаралып, тиісті шешім қабылданды. Депутаттар тарапынан қолдау тапқан мәселелер арасында білім саласын дамыту, елдімекендерде медициналық пункттер салу жайы бар. Кезекті сессия кезінде халық қалаулылары қолдаған шешімге сәйкес, өңірде алдағы уақытта 30 фелдшерлік акушерлік пункт пен 200-ге жуық білім ошағы бой көтеретін болды, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы.

Күнтәртібінде талқыланған ең басты мәселелер медицина, білім, кәсіпкерлікті дамытутуралы болды. Алғашқы жайтқа байланысты айтылғанда фельдшерлік акушерлікпункттерді кәсіпкерлер есебінен салу туралы ұсыныс айтылды. Сөйтіп ол бір ауызданқолдау тауып шешім шығарылды.

Базарбай Мұсабеков, облыстық мәслихаттың депутаты, сессия төрағасы      

Медицина саласы бойынша Түркістан облысында 30-ға жуықфелдшерлік-акушерлік бекеттер салуға шешім қабылданды. Мынау кәсіпкерлік мәселесіне келетін болсақ, комбинаттарды іске қосу мәселесі бойынша көп мәселелер талқыланды.

БІЛІМ САЛАСЫНА 9 МЛРД. ТЕҢГЕ АРТЫҚ БӨЛІНГЕН

Жекеменшік әріптестік аясында еңсе тіктейтін нысандар мемлекеттік бағдарлама бойынша бесжыл сенімгерлік басқаруда болады. Содан кейін мемлекет тарапынан қаржы төленіпотырады. Ал, білім саласына келетін болсақ, биыл бұл бағытқа өткен жылменсалыстырғанда 9 млрд теңге артық бөлінген. Нәтижесінде, аталған қаржы өңірдегібілім саласының дамуына дем бермек.

Ал, жиынды қортындылаған өңір басшысы өз кезегінде маңызды шешімдерді дер кезінде қабылждағандары үшін мәслихат мүшелеріне алғыс айтып, алдағы уақытта даТүркістанды бірлесе түлетуге шақырды.

Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі: «Көпшіліктеріңіз іскер азамат болғандықтан жалпы Түркістанның әлеуметтік экономикалық салаларындағы ғимараттарын салуғашақырамын. Мемлекет тарапынан инфроқұрылымы жылумен, сумен газбен қамтуғақаржылар бөлінеді. Алғашқы кезде әкімшілік іскерлік орталықты конгрес холды салуды бастаймыз».   

М. Жарылқасын                                                      

1 659 қаралым