Жарияланды: 04.04.2023

Мақтааралда ведомствааралық топ құрылды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында полицияның сервистік моделіне көшуді жүзеге асыру жөнінде тапсырмасының аясында, Түркістан облысының аумағындағы пилоттық жобаны масштабтау мақсатында аудан әкімінің өкімімен құрылған Мақтаарал ауданында Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ өз жұмысын бастаған болатын.
Ведомствоаралық топ мүшелері Мырзакент кенті, С.Жаштаев көшесі №96 үйде жұмыс жүргізуде.
Айта кетсек, ведомствоаралық топ аудан әкімінің өкімімен мемлекеттік құрылымдар мен халық арасында тұрақты сенімді қарым-қатынас құру негізінде қауіпсіздік проблемаларын анықтау және шешу мақсатында құрылған.
Жалпы, полицияның сервистік моделін кеңейту құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
335 қаралым