Жарияланды: 10.01.2021

ТУРИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН «VISIT-SHYMKENT.KZ» ПОРТАЛЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Шымкент қаласында туристерге арналған «Visit-shymkent.kz» порталы мен мобильді қосымшасы іске қосылды.

Портал мен қосымшада қала тұрғындары мен қонақтары мегаполис аумағында өтіп жатқан кез келген мерекелік іс-шарадан хабардар бола алады. Сонымен қатар порталдан театр қойылымдары мен концерттік бағдарламаларға билет броньдап, тарихи-мәдени нысандардың мекенжайын біліп, тіпті ұшақ рейстерінің таблосын көре алады. Мұнымен қоса арнайы мобильді қосымша арқылы ұшақ және термір жол билеттерін онлайн сатып алып, гид – экскурсоводтардың қызметтеріне жүгінуге болады.

Жобаның басты мақсаты – сырттан келген қонақтарға қала аумағында қолайлы жағдай тудыру. Ол үшін порталда арнайы интерактивті карта мен 3D-маршрут енгізілген. Тиісінше, портал мен қосымша туристерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді.

Қалалық Туризм басқармасы өкілдерінің айтуынша, портал мен мобильді қосымша мегапоистің туристік кластерін дамытуға үлкен септігін тигізбек. Алдағы уақытта аталған портал мен мобильді қосымшаға Түркістан облысы мен Шымкент қаласына жақын орналасқан туристік нысандар да енгізілетін болады.

720 қаралым