Жарияланды: 07.04.2020

Шетелге ауыл шаруашылығы тауарын шығару үдеріс алған

Шымкентте ауылшаруашылық саласына ден қойған қалалықтарға да қаржылай көмек көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24». Нақтырақ айтқанда, шаһардың ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасы кәсіпкерлік және егін шаруасымен айналысуға ниет білдірген азаматтардың өтінішін қабылдауға дайын. Басқарма өкілдерінің айтуынша, іскер азаматтар үшін агро-индустриалды аймақтан тегін жер беріліп, шаруашылыққа кеткен шығынның 25 пайызын үкімет өтеп бермек. Мәселен, Шымкентте осы жылдың бірінші тоқсанының өзінде шетелге ауыл шаруашылығы тауарын шығару үдеріс алған. Экспортқа 3 мың тоннадан астам орамжапырақ, 593 тонна сәбіз, 600 тоннадан астам алма, 25 335 тонна картоп жөнелтіліпті. Ал қалада негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша да бірнеше жобалар қолға алынған. Әбунасыр Жанбатыров, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бөлім басшысы:  «Негізгі басымдылық қазір қайта өңдеу саласын дамытуға беріліп отыр. Соның ішінде ауыл шаруашылық басқармасы қала әкімдігі әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы бірлесе агро-индустриалды аймақ құрды. 136 гектар аумақ. Ол жерде қайта өңдеу кәсіпорындары орналасады». Еркін Сатқанбаев, қалалық ауыл шаруашылығы кооперативтері қауымдастығының төрағасы:  «Шымкент қаласында ауыл шаруашылығын даму концепциясы жасалынған. Қазір 41 елді мекен қалаға қосылып үлкен мегаполиске айналды. 62 мың гектар ауыл шаруашылық жері бар. Сол жерлерге бүгінгі таңда 48 кооператив құрылды».

24.кз

1 047 қаралым