2025 жылдың 10–13 қазан аралығында Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы мәдени күндері өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Ресей Мәдениет министрлігінің қолдауымен өтеді. Мәдени күндер екі ел арасындағы мәдени-ақпараттық ынтымақтастықты нығайтып, екіжақты қатынастарды дамытуға бағытталған. 10 қазан – 23 қараша аралығында Жаңа Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі өтеді. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің ...
Читать далее »Руханият
Ұлттық музейде Ерболат Төлепбайдың көрмесі өтіп жатыр
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық музейде өтіп жатқан Ерболат Төлепбайдың мерейтойлық көрмесін тамашалады. Көрме Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Ерболат Төлепбайдың 70 жылдық мерейтойы мен 50 жылдық шығармашылығына арналды. «Өнерім – ізгілік мекені» атты көрмеде суретшінің шығармашылық жолы мен оның түрлі кезеңдерін қамтитын, рухани және мәдени ізденістерін бейнелейтін туындылар қойылған. Ерболат Төлепбай әлемнің әр елінде 38 ...
Читать далее »ЕРЕКШЕ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Ордабасы ауданында дәстүрге айналған «Ауылым – Арыс жағасында» өнер фестивалі жоғары деңгейде өтті. Гала-концертте аудан өнерпаздары жиналған көрерменге тамаша көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрге, халық қазынасына деген құрметтің жаңа қырынан айқындалуына куә болды. Фестиваль аудан әкімдігінің бастамасымен жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы фестиваль аясында әр ауылдан келген өнер ұжымдары халық әндері мен заманауи туындыларды шырқады. Қолөнер шеберлері мен ауылшаруашылық өнімдерінің ...
Читать далее »Алматыда Көшпелі бағыттар. Аялдама – Алматы» атты халықаралық қолөнер көрмесі өтті
2025 жылдың 3 қазанында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Алматы қаласына «Әлемдік қолөнер қаласы» мәртебесінің берілуіне орай ALA CRAFT 2025 халықаралық қолөнер фестивалі аясында «Көшпелі бағыттар. Аялдама – Алматы» атты халықаралық қолөнер көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеде қазақтың дәстүрлі қолөнерінің сан қырлы үлгілерімен қатар, қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнер туындылары да ұсынылған. Олардың қатарында киіз бұйымдары, зергерлік әшекейлер, біз ...
Читать далее »ҚР Мемлекеттік академиялық би театры классикалық балет жауһарларын ұсынады
13 қазан күні сағат 18:00-де Almaty Theatre үлкен сахнасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры көрерменге әлемдік балет классиканың жауһарларын ұсынады. Ол – Болат Аюхановтың авторлық нұсқасындағы аңызға айналған «Аққу көлі» балеті және Жорж Бизенің экспрессивті «Кармен-сюита» қойылымы. «Аққу көлі» балеті неміс аңызы желісімен қойылған. Онда зұлым сиқыршы Ротбарттың қарғысымен аққу бейнесіне айналған ханшайым Одетта туралы баяндалады. Болат Аюхановтың авторлық ...
Читать далее »Алматыда «Қастеев оқулары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Қастеев оқулары-2025» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 2025 жыл – Қазақстанның жетекші өнер музейінің тарихы мен дамуындағы маңызды кезең. Биыл музей Ұлттық мәртебеге ие болды, сондай-ақ маңызды ғылыми-көрме жобаларымен де ерекшеленді. Конференцияның негізгі бағыты – музейдің Республикадағы жетекші арт-ұйым ретіндегі маңызын анықтау. Іс-шара ұйымның тарихи даму ерекшелігі мен коллекция қалыптастыру өзгешеліктерін ...
Читать далее »ТҮРКІСТАНДА ХI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІ БАСТАЛДЫ
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да ХI Халықаралық Түркология Конгресі басталды. Оқу ордасында Түркология ғылыми зерттеу институтының ұйымдастыруымен еліміз бен шетелдік түрколог ғалымдар 2 жылда бір рет басқосады. Дәстүрлі түрде өтетін конгрестің биылғы тақырыбы – «Түркология және Түркі дүниесі». Конгресс ұйымдастырушыларының қатарында Хажеттепе университеті, Селчүк университеті, Анкара Қажы Байрам вели университеті, М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институты, Ә.Науаи атындағы Мемлекеттік Әдебиет музейі, Әзірбайжан ...
Читать далее »Бішкекте А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің гастролі өтеді
2025 жылғы 14-15 қазанда Кыргызстанның Бишкек қаласында А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің тәрбиеленушілері мәдени алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту аясында өнер көрсетеді. 14 қазанда «Сейтек» Ұлттық балалар мен жасөспірімдер орталығында бірлескен концерт өтеді. 15 қазанда А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрының сахнасында училище тәрбиеленушілерінің Гала-концерті ұйымдастырылады. Концерт бағдарламасында көрерменге классикалық, халықтық, қазақ және заманауи репертуардан үздік ...
Читать далее »Ресей архивінен сирек кездесетін халық күйі табылды
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінде сыбызғышы Ысқақ Уәлиевтің орындауындағы халық күйі «Естек» пен Мұхит Мералыұлының әйгілі «Зәуреш» әні сақталған. Бұл құнды мұралар «Архив–2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылды. Кей деректерге сүйенсек, сирек жазбалар 1930–1940 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде таспаға түсірілген. Бұл тарихи жазбалар қазақ халқының бай ...
Читать далее »ИСЕСКО Бас директоры Шымкенттегі тарихи-мәдени нысандарды аралады
Бүгін Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ISESCO) Бас директоры, доктор Салем бин Мохаммед Әл-Малик Шымкент қаласындағы республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра нысандары — Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін, сондай-ақ «Шымқала» тарихи-мәдени кешенін аралады. Сапар барысында аталған нысандарды Ислам әлемінің мәдени мұралар тізіміне енгізу мәселесі қарастырылды. Бұл қадам Шымкент қаласының мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде танытуға және қорғауға ...
Читать далее »
Ел тұмар Ақпараттық портал
