Экономика

Трансформер жиһаздар жасайды

Шымкент қаласының тұрғыны Асқар Амантай «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Бастау бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсынан өтіп, жеке кәсібін ашты. 26 жастағы Асқар Ерманұлы металл емес материалдарды лазерлік кесу мен ою аппаратын сатып алып, цех ашқан. Қолөнер, тігін, жарнама, жиһаз саласының мамандарына, гүл сататын және діни дүкендерге өз қызметін көрсетіп келеді. Қазіргі таңда жиналмалы (трансформер) жер үстелді жасауды қолға алған. Оюмен өрнектеліп ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ: «1000 САУДА НҮКТЕСІНЕ» ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ

  «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы көше саудасы және (немесе) қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін жер учаскелерін сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі конкурсқа құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау мерзімі 4-19 мамыр аралығына жоспарланып отыр. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі: – Абай ауданы, Гагарин көшесі, нөмірсіз, ауданы 0,0009 га (22-327-040-055); – Абай ауданы, Қазына көшесі, нөмірсіз, ауданы 0,0009 га (22-327-028-056); ...

Читать далее »

HALYK BANK ЕЛІМІЗДЕ ІТ МАМАНДАРЫН ДАЙЫНДАЙДЫ

Halyk Bank қолдауымен ХАТУ және ҚБТУ университеттерінде IT мамандарын даярлау бойынша жаңа оқу зертханалары мен оқыту бағдарламалары ашылды.       2021 жылғы 19 сәуір, Алматы қаласы. Клиенттердіңқажеттілігі үшін жоғары технологиялық цифрлы сервистерді дамыта отырып, Halyk Bank ел ауқымында мықты кадр резервін құруға мүдделі және белсенді жұмыс істеуде. Өткен жұмада Қазақстан-Британ техникалықуниверситетінде Halyk Academy зертханасы мен коворкинг аймағының ресми ашылуы өтті. Осылайша, Halyk Bank ҚБТУ-мен бірлесіп бастаманы іске қосты, оғансәйкес ЖОО базасында еліміздің ірі Банкі үшін біліктімамандар дайындалатын болады.       Академия базасында Microsoft корпорациясының“Azure” бұлтты платформасы арқылы бағдарламалау тілдерімен технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі беріледі. Бұлтты зертхана университет оқытушылары мен студенттеріне кез келген практикалық сабақтар мен зертханалық жұмыстарды жүргізуге, IT-жобалардыәзірлеуге, курстар немесе кәсіптік оқыту жүргізуге, жоғарытехнологиялық бұлтты платформаның қауіпсіз ортасындакез-келген масштабтағы хакатондар мен демонстрацияларөткізуге мүмкіндік береді. Антон Мусин, Halyk Bank басқарма төрағасыныңбірінші орынбасары: “Финтех – бұл тез өзгеретінтехнологиялар мен техникалық жабдықтардың арқасындаүнемі және қарқынды дамып келе жатқан бизнес саласы. Тиісінше, жақсы оқытылған, дайындалған, жоғары біліктікадрлар қажет, олар жоғары оқу орындарын бітіріп, өндірістік және технологиялық процеске оңай енеді. HalykBank болашаққа қарайды. Сондықтан Halyk Academyжобасын белсенді дамытуда. Біз материалдық-техникалықбазаны дамытуға, ҚБТУ және ХАТУ сияқты жоғары оқуорындарының студенттерін даярлау мен білім беругеқосқан үлесі нәтижесінде алдыңғы қатарлы банктіктехнологиялармен жұмыс істеудің практикалықдағдылары бар сауатты мамандар алуға мүмкіндікберетініне сенімдіміз. Бұл ұзақ мерзімді жоба, ол банкке де, жоғары оқу орындарына да, ең алдымен, өз идеялары мен инновацияларын нақты стартаптарға, ал банк индустриясы үшін неғұрлым ауқымды IT-жобаларға іскеасыруға бірегей мүмкіндік алатын студенттергеқызықты“.         Болашақта Halyk Bank ҚБТУ оқу бағдарламасының бірнемесе бірнеше тректерінің бірлескен әзірлеушісі болудыжоспарлап отыр. Қазірдің өзінде оқыту бағдарламасынанарықта сұранысқа ие ең трендтік технологиялар мен бағдарламалау тілдері енгізілген. Кенжебек Ибрашев, ҚБТУ ректоры (БасқармаТөрағасы): “Кез келген университеттің негізгі міндеті – нарыққа қажетті мамандарды дайындау. Жоғары білімніңмаңызды бағытының бірі студенттердің университет зертханаларында және компаниялардағытағылымдамаларда алатын практикалық тәжірибесі. Halyk Academy білім мен бизнесті біріктірудің жақсыүлгісі болады. Оқу зертханасы мен коворкинг студенттергеқажетті практикалық дағдыларды дарытуға және олардыБанктің технологиялық стэкімен таныстыруға арналған. Бұл студенттерге жұмыс ортасына тезірекинтеграциялануға және оқу кезеңінде барлық қажеттітехнологиялармен танысуға, сондай-ақ одан әрітағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналасуғамүмкіндік береді. Қазіргі заманғы зертханалар осылайкөрінуі керек. Halyk Bank-пен біраз уақыт бұрын пайдаболған Halyk Academy құру идеясы қазір шындыққаайналуда. Көптеген басқа IT жобалар сияқты – бұл идея біздің техникалық Альма матердің дәстүрінен бастауалады. Біз ұзақ мерзімді ынтымақтастық жолыныңбасында тұрмыз және осы Академия одан ары дами түсетініне сенімдімін.           Нұрлан Жәнібек, Microsoft корпорациясыныңҚазақстандағы және ТМД елдеріндегі білім беру секторымен жұмыс жөніндегі басшысы: “Қазақстандағыжоғары білім беру жүйесімен өзара іс-қимылдың басымбағыты біз үшін нарықтың қажеттілігінен туындағанбарлық мүдделі әріптестер арасында табысты синергиянықұру. Жобаның әрбір қатысушысының индустриялыққұзыреттерін ескере отырып, өзара іс-қимылдың осы моделі банк пен нарық үшін экономиканың цифрлытрансформациясының сын-қатерлеріне дайын сұранысқаие, бәсекеге қабілетті және сертификатталған IT–мамандарын ұсынады. Halyk Bank, ҚБТУ университетіжәне Microsoft-тың бірлескен күш-жігерінің арқасында бізжоғары оқу орнының әрбір студентіне және банкке көпжетістікке жетуге көмектесетін бірегей және болашағыбар жобаны іске қостық“. Алдағы уақытта жоба дарынды жастарды Орталық Азияныңірі қаржы институты – Halyk Bank-те тағылымдамаданөтумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл үшін HalykBank–те бірнеше жылдан бері HalykStar тағылымдамабағдарламасы табысты жұмыс істеп келеді. Halyk Academy Halyk Bank пен бірнешеқазақстандық жоғары оқу орындарының (ҚБТУ жәнеХАТУ) бірлескен жобасы бейіндік технологияларды дамытуперспективаларын ескере отырып, оңай жаңартылатынтеңдестірілген икемді және мобильді оқыту бағдарламасынқұруға мүмкіндік береді. Жоба: Halyk Bank біліктілікталаптарына сәйкес келетін кандидаттардың тұрақты легінұйымдастыруға; тағылымдама бағдарламаларын (онлайн-ассесменттер, кандидаттарды бағалау үшін тестілеу) ұдайыжетілдіруге; Банктің басымдықтарына сәйкес бизнес-кейстерді пысықтау үшін университеттер базасында R&D орталықтарын ашу үшін негіз жасауға мүмкіндік береді; университеттердің оқу бағдарламаларына банк технологияларының стектерін енгізу, жоғары оқуорындарының оқу бағдарламаларын Банктіңбасымдықтарына бейімдеу; білім беру мен ...

Читать далее »

Тілшілер арасында «Еркін сөз: 2021» байқауы өтеді

  Түркітілдес журналистер қоры «Halyk Bank» АҚ-ның серіктестігімен қазақстандық БАҚ өкілдері арасындағы қаржы тақырыбына негізделген «Еркін сөз»-2021 шығармашылық байқауын жариялайды.   Журналистердің кәсіби білігін арттыру және қаржы саласындағы білімін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылатын «Еркін сөз» байқауына қазақ тілінде мақала жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ өкілдері қатыса алады. БАҚ өкілдері “Үздік мақала”, “Сайттағы үздік мақала” және “Үздік ...

Читать далее »

Түркістан: 400-ден астам кәсіпкер 5 млн. теңгеден алды

Түркістан облысында ақпан айында бастау алған кепіл затсыз, жарты сағатта екі жылға 5 миллион теңге несие алу жобасы бойынша 400-ден астам кәсіпкер өз мүмкіндігін пайдаланған. Бұрын-соңды болмаған бастамаға сәйкес кредитті рәсімдеуге жеке куәлік пен кәсіпкер екенін растайтын құжат жеткілікті. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппарат отырысында кәсіпкерлерді қолдауды қарқынды жүргізуді тапсырды. Отырыста «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту жоспары ортаға ...

Читать далее »

Түркістан әуежайынан алғашқы халықаралық рейс ашылды

Наурыз мейрамы қарсаңында еліміздің рухани астанасы Түркістан қаласынан Ыстамбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейсі ашылды. Алғашқы халықаралық рейсті Fly Arystan әуе компаниясы орындады. Енді Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасында аптасына екі рейспен, жұма және жексенбі күндері әуе кемесі тұрақты түрде ұшып отырады. Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, жолаушылар сәттілік тіледі. «Жаңа әуе бағыты Түркия мен Қазақстанның арасындағы халықаралық ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТ ӘКІМІ АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТЫП ОТЫРҒАН ҚОЖАЛЫҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

  Шымкентте тұрғындарды сапалы табиғи өнімдермен қамтамасыз етуде шаруа қожалықтарының үлесі зор. Солардың бірі — Еңбекші ауданы, Абдуллабад тұрғын алабында орналасқан «Зертас» шаруа қожалығының тауарлы сүт фермасы. Ферма ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өніміндерін арттыру бағытында жұмыс істеп келеді.   Аталған шаруақожалық жұмысымен танысу мақсатында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов арнайы Абдуллабад тұрғын алабына барды.   Асыл тұқымды сүт бағытындағы шаруашылық ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ БАРЫСЫНДА БАҒДАТ МУСИН ӨҢІРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

  Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жұмыс сапарымен Түркістан облысына келді. Ведомство басшысы өңірді цифрландыру барысымен танысып, бірқатар нысандарды аралады. Министр жұмыс сапары барысында Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы технологиялық сүт-тауар фермасында болды. Ферма жетекші еуропалық өндірушілердің озық технологияларымен жабдықталған. Бағдат Мусинге сиыр саууға арналған автоматтандырылған роботтарды, жануарларды тазарту, диагностикалау жүйесі секілді ауыл шаруашылығының технологиялық ...

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ АРҚЫЛЫ КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫН АШҚАН

  Қазіргі таңда өз қызметтерін мамандандырылған онлайн платформаларда, БАҚ арқылы берілетін жарнамалар арқылы көрсететін жеке кәсіпкерлік түрлері дамыған. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін үйде отырып жұмыс жасау немесе қызмет көрсету әрқашан да ыңғайлы бола бермеуі тағы бар. Ал кеңсе жайды жалға алу мұндайлар үшін қымбатқа түсуіне байланысты «коворкинг» орталықтары кеңінен қолданысқа ие бола бастады. «Коворкинг» сөзі (ағылшынның co-working) — «біргелесіп жұмыс ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕС ДАМЫП КЕЛЕДІ

  Бүгінде елімізде еңбек етіп, кәсіп ашам деушілерге мүмкіндік мол. Шағын және орта бизнес бастау үшін 6 пайыздық субсидия, жеңілдетілген несие алуға «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры көмектесіп келеді. Аталған қордан қолдау алған кәсіпкер Әлия Әмірбекова «Vanil» кондитерлік цехын ашып, отбасымен бірге дамытып келеді. Қай күні барсаң да дүкендері тәтті сатып алуға келген тұтынушыларға толы. «Vanil» кондитерлік үйі — 2012 жылы ...

Читать далее »