Сүлеймен патша заманының құпиясы

Қазіргі заманғы Израиль жерінің түстігіндегі Тимна жазығында ертедегі энео­лит дәуірінен орта ға­сырларға дейін мыс өн­дірген кен орындары болған. Бірқатар зерт­теушілер бұл жерде Тәу­ратта кездесетін белгілі пат­ша Сүлейменнің най­засы жатқан деседі. Ал мұн­дағы шахталар ауасының құрғақтығынан органикалық ма­те­риал­­дар, соның ішінде дән, тері және мата жақсы сақталады екен.

Жақында Тимна жазығында болып қайтқан Тель-Авив университетінің экспедициясы Дәуіт және Сүлеймен пайғамбар-патшалар өмір сүрген кездерге тиесілі деп есептелетін біраз маталар фрагменттерінің коллекциясын жасаған. Жиналған маталар құрақтарының түрі мен өрнегіне қарағанда, олардың бір кездері қапшық, киім, арқан және жіп секілді тоқыма заттардың қиындылары болғаны аңғарылады. Табылған заттарға қарап тұрып, Тәурат аңыздары бойынша айтылатын иудейлермен соғысушы жартылай көшпелі идумей жұрты жайында көбірек білуге болады. Мыс кен орындарына иелік еткен олар көп уақыт осы маңайда үстемдік құрған. Ал зерттеушілер шахтадан тапқан маталар бұйымдары мен фрагменттері осы өндіріс үдерісінің ең жоғарғы сатысында тұрған тайпалардікі болған сияқты.

Сол замандарда мыстан еңбек құралдары, қарулар мен әшекейлер жасалған. Ол ерте металл дәуіріндегі қоғамда ең құнды ресурс болып табылған. Алайда, оны өндіру өте қиынға түскен. Сондықтан мыс өндірудің ең қиын жұмыстарына құлдар немесе тұтқындар жегілуі әбден мүмкін. Сонымен бірге, шөлдің ортасындағы Тимнада мыс өндіру үшін мұнда күн сайын орасан зор көлемде азық-түлік, су және тоқыма бұйымдарын жеткізіп тұру керек болған. Мәселен, тоқыма үшін керекті жөкенің бұл жерде өсуі мүмкін емес. Ол Иордан өзені жазығы мен Израильдің солтүстігінен әкелінуі ықтимал. Былайша айтқанда, жөке және жүн бұйымдары Тимна жазығына тек сауда жолымен ғана келе алады. Бұдан бұрын Иерусалимде, Мегиддо мен Тель-Хацорада жүргізілген қазба жұмыстары кезінде ешқандай да мата табылмаған екен. Олай болса, жаңа табылған материалдар бұрын көшпенділерге саналған идумейлердің тіпті де «қарапайым» жұрт болмағанын байқатады. Бұл маталардың Сүлеймен пайғам­барға да қатысты бар екені енді ешқан­дай күмән туғыза алмайды.

Руслан ИГІЛІК.

377 қаралым

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*