Жарияланды: 21.03.2022

Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам бар?

Наурыз 

Ұлттық статистика бюросы көктем мен жаңару мерекесі қарсаңында Қазақстанда Наурыз есімді қанша адам тұратындығы туралы инфографика дайындады.

Қазақстанда Наурыз есімді 1 453 адам болса, оның 1 417-і ер адам, 36-ы әйел адам.
Наурыз есімді адамдардың көбі Маңғыстау облысында – 278 адам, Түркістан облысында – 190 адам, ал Қызылорда облысында – 160 адам тұрады.

01.01.2021 – 01.01.2022 жылдар аралығында Наурыз есімді 17 сәби дүниеге келген.

797 қаралым