Руханият

«Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды

  Қаланың саябақтары мен гүлзарларында өтетін «Шымқала кештері» атты ашық аспан астындағы концерттік іс-шара бастау алды. А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында «Шымкент концерт» концерттік ұйымы қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік бағдарламасын ұсынды.     «Шымқала кештері» жобасы — қала мәдениетін дамытуға, өнер ұжымдарының шығармашылығын насихаттауға және тұрғындардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған мәдени бастама.       «Шымқала кештері» ...

Читать далее »

Түркістанда республикалық ақындар айтысы өтті

    Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында белгілі айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің және «Алтын домбыра» жүлдесінің иегері, Түркістан қаласы мен Отырар ауданының құрметті азаматы Бекарыс Шойбековтің 50 жас мерейтойына арналған «Айтыстың алтын айдары Бекарысы» атты «Наурыз» республикалық ақындар айтысы жоғары деңгейде өтті.     Дәстүрлі өнерді дәріптеген айтулы шарада облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің атынан Бекарыс Шойбековке ерекше құрмет ...

Читать далее »

Ресейде Қазақстанның мәдени күндері өтеді

2025 жылдың 10–13 қазан аралығында Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы мәдени күндері өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Ресей Мәдениет министрлігінің қолдауымен өтеді. Мәдени күндер екі ел арасындағы мәдени-ақпараттық ынтымақтастықты нығайтып, екіжақты қатынастарды дамытуға бағытталған. 10 қазан – 23 қараша аралығында Жаңа Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі өтеді. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің ...

Читать далее »

Ұлттық музейде Ерболат Төлепбайдың көрмесі өтіп жатыр

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ұлттық музейде өтіп жатқан Ерболат Төлепбайдың мерейтойлық көрмесін тамашалады. Көрме Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретші Ерболат Төлепбайдың 70 жылдық мерейтойы мен 50 жылдық шығармашылығына арналды. «Өнерім – ізгілік мекені» атты көрмеде суретшінің шығармашылық жолы мен оның түрлі кезеңдерін қамтитын, рухани және мәдени ізденістерін бейнелейтін туындылар қойылған. Ерболат Төлепбай әлемнің әр елінде 38 ...

Читать далее »

ЕРЕКШЕ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ

Ордабасы ауданында дәстүрге айналған «Ауылым – Арыс жағасында» өнер фестивалі жоғары деңгейде өтті. Гала-концертте аудан өнерпаздары жиналған көрерменге тамаша көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ, ұлттық салт-дәстүрге, халық қазынасына деген құрметтің жаңа қырынан айқындалуына куә болды. Фестиваль аудан әкімдігінің бастамасымен жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы фестиваль аясында әр ауылдан келген өнер ұжымдары халық әндері мен заманауи туындыларды шырқады. Қолөнер шеберлері мен ауылшаруашылық өнімдерінің ...

Читать далее »

Алматыда Көшпелі бағыттар. Аялдама – Алматы» атты халықаралық қолөнер көрмесі өтті

2025 жылдың 3 қазанында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Алматы қаласына «Әлемдік қолөнер қаласы» мәртебесінің берілуіне орай ALA CRAFT 2025 халықаралық қолөнер фестивалі аясында «Көшпелі бағыттар. Аялдама – Алматы» атты халықаралық қолөнер көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрмеде қазақтың дәстүрлі қолөнерінің сан қырлы үлгілерімен қатар, қазіргі заманғы сәндік-қолданбалы өнер туындылары да ұсынылған. Олардың қатарында киіз бұйымдары, зергерлік әшекейлер, біз ...

Читать далее »

ҚР Мемлекеттік академиялық би театры классикалық балет жауһарларын ұсынады

13 қазан күні сағат 18:00-де Almaty Theatre үлкен сахнасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры көрерменге әлемдік балет классиканың жауһарларын ұсынады. Ол – Болат Аюхановтың авторлық нұсқасындағы аңызға айналған «Аққу көлі» балеті және Жорж Бизенің экспрессивті «Кармен-сюита» қойылымы. «Аққу көлі» балеті неміс аңызы желісімен қойылған. Онда зұлым сиқыршы Ротбарттың қарғысымен аққу бейнесіне айналған ханшайым Одетта туралы баяндалады. Болат Аюхановтың авторлық ...

Читать далее »

Алматыда «Қастеев оқулары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Қастеев оқулары-2025» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 2025 жыл – Қазақстанның жетекші өнер музейінің тарихы мен дамуындағы маңызды кезең. Биыл музей Ұлттық мәртебеге ие болды, сондай-ақ маңызды ғылыми-көрме жобаларымен де ерекшеленді. Конференцияның негізгі бағыты – музейдің Республикадағы жетекші арт-ұйым ретіндегі маңызын анықтау. Іс-шара ұйымның тарихи даму ерекшелігі мен коллекция қалыптастыру өзгешеліктерін ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ХI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКОЛОГИЯ КОНГРЕСІ БАСТАЛДЫ

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да ХI Халықаралық Түркология Конгресі басталды. Оқу ордасында Түркология ғылыми зерттеу институтының ұйымдастыруымен еліміз бен шетелдік түрколог ғалымдар 2 жылда бір рет басқосады. Дәстүрлі түрде өтетін конгрестің биылғы тақырыбы – «Түркология және Түркі дүниесі». Конгресс ұйымдастырушыларының қатарында Хажеттепе университеті, Селчүк университеті, Анкара Қажы Байрам вели университеті, М.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институты, Ә.Науаи атындағы Мемлекеттік Әдебиет музейі, Әзірбайжан ...

Читать далее »

Бішкекте А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің гастролі өтеді

2025 жылғы 14-15 қазанда Кыргызстанның Бишкек қаласында А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің тәрбиеленушілері мәдени алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту аясында өнер көрсетеді. 14 қазанда «Сейтек» Ұлттық балалар мен жасөспірімдер орталығында бірлескен концерт өтеді. 15 қазанда А.Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрының сахнасында училище тәрбиеленушілерінің Гала-концерті ұйымдастырылады. Концерт бағдарламасында көрерменге классикалық, халықтық, қазақ және заманауи репертуардан үздік ...

Читать далее »