Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінде сыбызғышы Ысқақ Уәлиевтің орындауындағы халық күйі «Естек» пен Мұхит Мералыұлының әйгілі «Зәуреш» әні сақталған. Бұл құнды мұралар «Архив–2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткен жылы Мәскеудегі Мемлекеттік фоноқұжаттар архивінен табылды. Кей деректерге сүйенсек, сирек жазбалар 1930–1940 жылдары Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі кезінде таспаға түсірілген. Бұл тарихи жазбалар қазақ халқының бай ...
Читать далее »Руханият
ИСЕСКО Бас директоры Шымкенттегі тарихи-мәдени нысандарды аралады
Бүгін Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ISESCO) Бас директоры, доктор Салем бин Мохаммед Әл-Малик Шымкент қаласындағы республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра нысандары — Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін, сондай-ақ «Шымқала» тарихи-мәдени кешенін аралады. Сапар барысында аталған нысандарды Ислам әлемінің мәдени мұралар тізіміне енгізу мәселесі қарастырылды. Бұл қадам Шымкент қаласының мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде танытуға және қорғауға ...
Читать далее »«Архив және болашақ ұрпақ» жобасы аясында ашық есік күні өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві «Архив және болашақ ұрпақ» республикалық жобасы аясында ашық есік күнін өткізді. Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының төл тарихы мен тұлғаларға қатысты құнды құжаттарды ұрпақ санасында жаңғырту, ұлттық тарих пен мәдениетке деген қызығушылықты арттыру және жастардың патриоттық сезімін ояту. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым және студенттер мен оқушылар қатысты. ...
Читать далее »ҚР Ұлттық кітапханасында халықаралық сарапшылар балалар әдебиеті тақырыбында талқылау өткізді
ҚР Ұлттық кітапханасында халықаралық сарапшылардың қатысуымен балалар әдебиеті саласындағы инновацияларға арналған «Әлем оқырмандарына арналған балалар әдебиеті» атты халықаралық талқылау ұйымдастырылды. Іс-шараны балалар әдебиеті мен білім беру саласында жұмыс істейтін «Nomad Culture Foundation» қоры кітапханамен бірлесе ұйымдастырды. Жиынның негізгі мақсаты – балаларға арналған кітаптар мен білім беру технологиялары саласындағы халықаралық сарапшыларды Орталық Азияның баспагерлерімен, авторларымен, иллюстраторларымен және педагогтарымен тәжірибе алмасуға тарту. ...
Читать далее »Құрманғазы оркестрі 92-ші концерттік маусымын бастайды
2025 жылдың 12 қыркүйегінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі 92-ші концерт маусымын салтанатты түрде ашты. Отандық өнер жұлдыздары, танымал сахна шеберлері бас қосқан кеш, көрерменге түрлі музыкалық шығармалар ұсынды. Кештің көркін еліміздің танымал сахна саңлақтары мен дәстүрлі өнердің көрнекті өкілдері келістіре ашты. Атап айтсақ, «Құрмет» орденінің иегері, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жетекші солисі – ...
Читать далее »«Түнгі кітапхана» жобасы аясында Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған поэтикалық кеш өтті
Шымкентте «Түнгі кітапхана» жобасы аясында қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған «Желсіз түнде жарық ай…» атты поэтикалық кеш ұйымдастырылды. Шараны Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы өткізді. Аталған жобаның негізі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастарды кітап оқуға ынталандыру мақсатында түнгі кітапхана жұмысын жолға қою туралы бастамасымен қаланды. Алғаш рет Алматыда іске қосылған бұл ...
Читать далее »Түркістанда «VOICE BEYOND HORIZON» халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды
Түркістан қаласында «VOICE BEYOND HORIZON» халықаралық музыкалық шоуының түсірілімі басталды. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, еліміздің мақтанышы Димаш Құдайберген атқарушы продюсерлік ететін жоба Қытайдың «Hunan Broadcasting System» телеарнасымен бірлесіп жүзеге асырылуда. Халықаралық байқауға Қазақстан, Қытай, Қырғыз Республикасы, Италия, Малайзия және Сербия мемлекеттерінің өнерпаздары қатысып жатыр. Қатысушылар түсірілім барысында өңірдің мәдени-тарихи және туристік нысандарында өнер көрсетеді. Атап айтқанда, түсірілім жұмыстары Қ.А.Ясауи кесенесі ...
Читать далее »Астанада «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі ашылды
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі ашылды. Көрменің мақсаты – оқырмандарға ғалымның құнды мұраларын кеңінен дәріптеу, шығармаларын таныстыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Кітап көрмесінде А.Байтұрсынұлы шығармаларының алты томдығы, «Әдебиет танытқыш», «Тіл тағылымы», «Ақ жол», «Маса», «Қырық мысал», «Жан сөзімді кім түсінер?», сондай-ақ «Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы», «Алаш мұрасы», «Арыстары ...
Читать далее »Қазанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті
2025 жылы 26 тамызда Мұса Жәлел атындағы Татар академиялық мемлекеттік опера және балет театрында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының гастрольдік сапары жемісті болды. Театр көрермен назарына Хамит Шанғалиевтің «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын ұсынды. Гастрольдік сапар Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің, (РФ) Татарстан Республикасының Мәдениет министрлігінің, сондай-ақ Қазақстан ...
Читать далее »28 июля – 1 августа т. г. при поддержке Министерства культуры и информации РК, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Астана
Цель данного визита — предотвращение распространения деструктивных религиозных идей в обществе и профилактика религиозного экстремизма путем повышения религиоведческой грамотности населения и проведения разъяснительной работы в соответствии с государственной политикой в религиозной сфере. В данном направлении было организовано 20 мероприятий с охватом более 800 человек. К данным мероприятиям были приглашены члены Республиканской информационно-разъяснительной группы по вопросам религии: Әліп Тұрсынғали Төреғалиұлы – ...
Читать далее »
Ел тұмар Ақпараттық портал
