Жарияланды: 22.09.2025

ИСЕСКО Бас директоры Шымкенттегі тарихи-мәдени нысандарды аралады

 
Бүгін Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ISESCO) Бас директоры, доктор Салем бин Мохаммед Әл-Малик Шымкент қаласындағы республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра нысандары — Ибрагим ата және Қарашаш ана кесенелерін, сондай-ақ «Шымқала» тарихи-мәдени кешенін аралады.
Сапар барысында аталған нысандарды Ислам әлемінің мәдени мұралар тізіміне енгізу мәселесі қарастырылды. Бұл қадам Шымкент қаласының мәдени құндылықтарын халықаралық деңгейде танытуға және қорғауға бағытталып отыр.
Еске сала кетейік, Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ISESCO) — 1979 жылы құрылған, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына қарасты мамандандырылған халықаралық ұйым. Оның басты мақсаты — мүше мемлекеттер арасында білім, ғылым және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты дамыту және нығайтуға бағытталған.
3 455 қаралым