Месячные архивы: Май 2026

Шымкент қаласы ПД-нің уақытша ұстау изоляторындағы күдіктінің өліміне байланысты түсініктеме берді

  Әлеуметтік желілерде уақытша ұстау изоляторында азаматшаның қайтыс болуы және *қылмыстық істің негізсіз жүргізілгені жөнінде* таралған ақпаратқа байланысты төмендегіні хабарлаймыз.     Шымкент қаласының тұрғыны кәмелетке толмағанның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2 мамырға қараған түні қыз ойын-сауық мекемесінен шыққаннан кейін танысының үйіне барған. Ол жерде танысының кәмелетке толмаған інісі мен қарындасы, сондай-ақ достары ...

Читать далее »

ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ

2026 жылғы 16 мамырда Түркістан қаласында жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті Қазақстан өңірде жасанды жаңбыр технологияларын тәжірибелік тұрғыда қолдануға көшкен алғашқы ел болды. Жоба су қоймаларын толықтыру деңгейін арттыруға және елдің оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығы аумақтарын су ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған. Жобаны толық ауқымда іске асыру 2026 жылғы 17 мамырда басталады. Технология Түркістан облысындағы жалпы көлемі ...

Читать далее »

Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген тұрақты мониторинг барысында кәмелетке толмаған жасөспірімнің автокөлік басқарған бейнежазбасын анықтады. Жедел әрекет еткен полицейлер дереу тексеру жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның Ордабасы ауданында орын алғанын анықтады. Бейнежазбадағы тұлғалар полиция бөліміне жеткізілді. Анықталғандай, 15 жастағы жасөспірім үйде үлкендердің жоқтығын пайдаланып, атасына тиесілі «ВАЗ» маркалы автокөлікті рұқсатсыз айдап шыққан. Сонымен қатар көлік басқарған сәтін “TikTok” әлеуметтік желісіне ...

Читать далее »

Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды

  Шымкент қаласының тұрғыны алаяқтардың арбауына түсіп қалған. Алдымен оған өзін «Қазпошта» қызметкері ретінде таныстырған белгісіз тұлға хабарласып, деректерді растау сылтауымен SMS-тегі кодты білген.     Арада біраз уақыт өткен соң оған басқа адам қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырған. Ол бұған дейін хабарласқандардың алаяқ екенін айтып, азаматтың есепшотындағы ақшаны иемденбек болып жатқанын жеткізген. Сонымен қатар қаражатты сақтап қалу ...

Читать далее »

Бәрі жабылады…

Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары! Шет мемлекеттер басшыларының қатысуымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтуіне орай 14, 15 мамыр күндері Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және музей-қорыққа қарасты барлық музейлер жабық болады. Сондай-ақ ол күндерге «Тикетон» және «Давай сходим» қосымшалары арқылы алдын ала онлайн билет сатып алуға да шектеу қойылды. Халықаралық деңгейдегі маңызды іс-шараны өткізу барысында енгізілетін уақытша шектеулер мен ...

Читать далее »

Шымкентте 700 грамм салмақпен туған сәби өмір үшін 109 күн күресті

  Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері жүктіліктің 24 аптасында, мерзімінен ертең келген сәбидің өмірін сақтап қалды. Туған кездегі салмағы небәрі 700 грамм болған нәресте бірнеше айлық ем мен күтімнен кейін үйіне шығарылды.     Сәби 2026 жылдың 9 қаңтарында дүниеге келген. Анасының жүктілігі ауыр өтіп, түрлі асқынулар байқалған. Бірден қалалық перинаталдық орталықтың жаңа туған нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөліміне ...

Читать далее »

«Шымқала кештері» концерттік іс-шарасы бастау алды

  Қаланың саябақтары мен гүлзарларында өтетін «Шымқала кештері» атты ашық аспан астындағы концерттік іс-шара бастау алды. А.Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағында «Шымкент концерт» концерттік ұйымы қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік бағдарламасын ұсынды.     «Шымқала кештері» жобасы — қала мәдениетін дамытуға, өнер ұжымдарының шығармашылығын насихаттауға және тұрғындардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған мәдени бастама.       «Шымқала кештері» ...

Читать далее »

Түркістанда триатлоннан Қазақстан чемпионаты өтті

  Түркістан қаласындағы олимпиадалық стандартқа сай ескек есу арнасында триатлоннан супер-спринт қашықтығы бойынша Elite санаты және U23, U19, U17, U15, U13 жас ерекшеліктері арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.     Орта Азияда теңдесі жоқ, халықаралық талаптарға сай салынған ескек есу каналы еліміздің спорт инфрақұрылымындағы бірегей нысандарының бірі саналады. Заманауи кешен республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарды жоғары дәрежеде өткізуге толық мүмкіндік ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Ғабит Сыздықбеков польшалық «Fabe-Agro» компаниясы жүзеге асырып жатқан жылыжай кешенінің құрылыс барысымен танысып, жоба жетекшілігімен кездесу өткізді. Кездесу барысында жобаның қазіргі жағдайы, құрылыс қарқыны және оны іске асырудың негізгі кезеңдері талқыланды. Аталған жоба қаланың агроөнеркәсіп саласын дамытуда стратегиялық маңызға ие. Жылыжай кешенінің жалпы аумағы 144 гектарды құрайды, ал инвестиция көлемі 137 миллион АҚШ долларына тең. Қала әкімі жұмыс тобымен бірге ...

Читать далее »

ШЫМКЕНТТЕ ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласында туризм саласын дамыту және туристік инфрақұрылымды жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл ретте қаланың туристік тартымдылығын арттыруға арналған жаңа жобалар кезең-кезеңімен іске асырылуда. Туристік статистикаға сәйкес, 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласына келген туристер саны 550 063 адамды құрады. Оның ішінде 511 605-і ішкі туристер болса, 38 458-і шетелдік туристер үлесіне тиесілі. Аталған көрсеткіштер қалада туризм ...

Читать далее »